
Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанудың алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында аудан әкімдігі ағымдағы жылдың 22.08-12.09.2022ж. күндері аралығында «Абайлаңыз – балалар!» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстар жүргізуді тапсырған болатын.
Аталған іс-шара барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын түсіндіріп, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындардағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертуде. Сондай-ақ, жолдағы қозғалыс бағыттарын арнайы іс-әрекетпен көрсету жұмыстарын жүргізуде.
