
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бұл мереке 1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 – сі Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.
2017 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тілдер күнін 5 қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі. Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді.
«Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту» ММ Түркістан облысы, Білім беруді дамыту орталығының 31.08.2022 жылғы №623 санды хатына сәйкес, 2022 жылы 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдеріне және оқушыларға арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртесі» тақырыбында онкүндік өткізу жоспарланды. Осыған орай, бүгін С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында «Тіл мәртебесі – ел мәртесі» онкүндік іс-шаралар жоспары бекітіліп, ашылу салтанаты өткізіліп, бағдарламасы мектеп оқушыларына, мұғалімдеріне таныстырылды.
Ашылу салтанатында үш тілде тіл туралы өлеңдер оқылып, 5 қыркүйек Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне әрі 150 жыл толуына орай «Ұлттың қуаты тілінде» атты бейнебаян көрсетілді. 8-сынып оқушысы Өскенұлы Әлім Абайдың «Бойы бұлғаң» әнін орындаса, хормен жалпы оқушылар Е.Хасанғаливтің «Атамекен» әнін орындады. Апталықтағы іс-шаралар онкүндік бойында атқарыла береді, оқушылар белсене қатысады.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай мектеп ұжымы ат салысады. Тіл үшін күрес – тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға мектебіміздегі барлық оқушылар ат салысатынына сенеміз.
113152 682169After examine a couple of with the weblog posts on your web site now, and I truly like your way of blogging. I bookmarked it to my bookmark internet site list and shall be checking once again soon. Pls try my website online as effectively and let me know what you think. 567849
968686 80900Its superb as your other posts : D, regards for posting . 325704
390938 608714I believe this site contains some really great information for every person : D. 647338