Бәйдібек ауданы орталығы Шаян ауылында «Ұлттық домбыра күні» аталып өтті

Бәйдібек ауданы  орталығы Шаян ауылында «Ұлттық домбыра күні» аталып өтті.


«Ұлттық домбыра күні» мерекелік іс–шарасы «Ардагерлер» аллеясының алдынан бастау алып, салт аттың соңынан аудан өнерпаздары домбырамен сүйемелдеп ән шырқап, «Жастар» аллеясының алдына дейін аудан домбырашылар шеруімен жүріп өтті.

Жастар аллеясы алдында О.Тайманов атындағы өнер мектебінің оркестрі күймен қарсы алады.

«Ұлттық домбыра күні» іс-шарасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев ашып құттықтап, ауданымыздың мәдениетін дамытуға және домбыраны насихаттауға сіңірген белсенді еңбегі үшін шертпе күйдің шебері, ардагер күйші Таласбай Сейтқазиев пен Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің мұғалімі Қорлан Аймахановаға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Іс-шарада Қазақстанның Құрметті журналисі, ауданның «Құрметті азаматы», «Зейнеткер тынысы» газетінің редакторы Серікбай Дәулетбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, өзінің мерекелік жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің мұғалімдері мен оқушылар домбырамен күйлер орындап, әннен шашу шашты.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.