ЕЛДЕГІ ӘРБІР ЖЕТІНШІ БАЛА ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ

Түркістан облысында 510 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл Республикадағы ең үлкен көрсеткіш, әрбір 7-ші бала Түркістан облысында білім алады деген сөз. Бұл сандарды Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Д.Болатханұлы айтты.

«Мемлекет басшысы «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасында: «Ғылым мен білім өте маңызды. Мықтылар бірді, ғалым мыңды жеңеді. Білім – тез өзгеретін қазіргі әлемдегі ең қуатты және тиімді құрал. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды»-деп атап көрсетті. Осы орайда Түркістан облысында бірқатар жұмыстар қолға алынып, атқарылуда. Соның бірі — Білім беру инфрақұрылымын  дамыту.

Мәслен, Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында.  Атап айтқанда, салаға 456 млрд.теңге бөлінген.

2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты  мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің  құрылысын салу жоспарланған.                          

Өткен жылы 77 мектеп салынса, ағымдағы жылы 34 мектептің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін беріледі»,-деді облсытың бас педагогы.

Сонымен қатар,  басқарма басшысы мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізіліп жатқанында атап өтті.

«2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 17 артып (31%), бүгінгі таңда облыста 56 жекеменшік мектептер жұмыс істеуде. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілуде»,-деді ол.

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстағы 40 мектептің жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға өткізуге және оларды мектеп ғимаратының сыртына шығаруға да күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда,  облыстық бюджеттен 443  млн.тенге бөлініп, нақты жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа мектептерде әрлеу, ақтау жұмыстарына 520 млн.теңге, 92 жан басына қаржыландырылған мектептің 9-на республикалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге 146 млн.теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

ОБЛЫСТА 1406 БАЛАБАҚША БАР

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы екені белгілі. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды.

«Осы орайда біздің алдымызда бала бақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр» деге Дінислам Болатханұлы облыста 1406 мектепке дейінгі ұйымның бар екенін айтады. (Анықтама: Республикада 11039, яғни әрбір 8 бала-бақша Түркістан облысында).    Оның 267-мемлекеттік, 1007-жекеменшік, 86-мектеп жанындағы шағын орталықтар. Түркістан облысы Республикада бала-бақша ашу көрсеткіші бойынша да алдыңғы орында. 

 «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды  100 % -ға жеткізу  межеленген. Осыған орай, алдағы уақытта бірінші кезекте 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту шаралары қабылдануда.

3-6 жастағы балаларды (86 622) қамту – 98,9%;

2-6 жастағы балаларды (128 270) қамту -91,6% ды құрады.

Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұған дейін жекеменшік балалабақшаларға бір балаға 25 582 теңге берілген болса, мемлекеттік балабақшаларға 33752 теңге берілген.

  Жоғарыда аталған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс көлемі ауылдық жерде 45 348 теңгеге (экологиялық аймақта 54216 тг.), қалалық жерде  41 197 теңгеге (экологиялық аймақтарда 50065 тг.) ұлғайтылды.  

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ.

Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады.

Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру,  қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған (2019 ж. бастап).

Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.  Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.

Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын BilimKids.kz онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстарын бастаймыз.

«TURKISTAN BILIMI»  ЭКОЖҮЙЕСІ ӘЗІРЛЕНУДЕ

 Түркістан облысының 961 орта білім беру ұйымында (905-мемлекеттік, 56-жекеменшік) 510 мыңнан аса оқушы оқуға келеді (1- сыныпқа 52123).

Қазіргі таңда, Түркістан облысының білім беру саласын кешенді дамыту мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «TURKISTAN BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірленуде.

Осы жоспарға сәйкес ауқымды  жобалар іске асырылады.

«TURKISTAN BILIMI»  экожүйесі, яғни білім саласын автоматтандыру және білім сапасын арттыру.

 Бұл бағытта жұмысты бастадық. Ағымдағы жылы оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен  интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» түзілді.

Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне облыс мекептері  100%  тегін қосылды.

Сонымен қатар, педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz»  білім беру ресурстары енгізілуде.

Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін   «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда.

Осыған орай, Басқармада білім беру ұйымдарындағы жағдай мен білім сапасын қадағалайтын және білім саласын цифрландыруды жүзеге асыратын ситуациялық орталық үлгісінде жұмыс жасалынады.

Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы қосымша жан басына шаққандағы қаржыландыруға өткен                 92 мектептің 28-і  480 млн. 267 мың теңгеге 57 (физика-14, химия-14, биология-16, STEM-13) пәндік кабинеттерімен жабдықталуда.

«Математикаға дайындықтың жаңа технологиясы»

            Жаңа оқу жылында  «Кибернет Академиясымен» бірге Түркістан мен Кентау қалаларында педагогтердің IT құзіреттілігі мен математикалық біліктігін дамытуға бағытталған «Математикаға дайындықтың жаңа технологиясы» бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.

Бұл бағдарламада мұғалімдер РФМШ, Қазақ-Британ технологиялық университетінің әлеуетін пайдаланатын болады.

Облыс бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханаларын жаңғырту жоспарлануда. Өздеріңіз көріп оырғандай, заманауи кітапхана оқушының тек кітап алып, кітап оқитын орны ғана емес, баланың толыққанды ақпарат алып, ізденетін, еркін ойлы қатарластарымен бірге тиімді уақыт өткізетін ортасы болып саналады.

Білім беру ұйымдарындағы кітапханаларда IТ жабдықтары бар Coworking – орталықтары ашылатын болады. 

Білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда.

Халқы тығыз орналасқан Сайрам және Мақтаарал аудандарында 2 оқу өндірістік комбинаты сақталып, оған аудан орталығындағы мектептердің 4520 оқушысы 12 мамандық бойынша алғашқы кәсіптік білім алып, куәлік алуда.

Білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлектері ауыл балаларына «Өскенде кім боласың» тәлімгерлік жұмысын тегін жүргізіп, мектеп түлектерінің болашақ мамандық таңдауына үлесін тигізді.

Жаңа оқу жылынан бастап барлық аудан, қалада орналасқан мемлекеттік колледждер базасын және оқытушылар әлеуетін пайдалана отырып, оқу өндірістік комбинаттар жұмысы жүргізіліп, кәсіптік білім саласын игерген оқушылардың үлесі артатын болады.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,4 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. (63,7%).

«100 үздік мектеп» тізімінде Түркістанның 11 мектебі енген

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының  11 мектебі енген.  Бұл біздің педагогтердің қажырлы  еңбегі екендігін атап өткіміз келеді.

Өткен оқу жылында 11-сыныпты бітірген 30049 түлектің  1431-і «Алтын белгі» иегері атанса, 2211 оқушы «Үздік» аттестатпен бітірді.

Ендігі жылдан бастап мектеп, колледждердің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлектерінің үлесімен бағаланады.

«Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы біздің басты назарымызда.

            Бүгінгі күні облыста 55516 педагогтер жұмыс жасайды.

Жоғарыда аталған стратегиялық жоспар аясында жүзеге асырылатын тағы бір  жобамыз «Темірқазық» тірек мектептер деп аталады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басшысы Күләш Ноғатайқызының басшылығымен облыстың 17 аудан/қаласында тірек мектептер жасақталатын болады. Жоба аясында НИШ мектептерінің әлеуетін 17 тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапалық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде.

Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Биыл облыста 224 білім беру ұйымының басшылары ротацияланады.

Жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіру керек тұстары да бар. Бұл бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Қамқоршылар кеңесі қайта құрылып, аттестациядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдарының басшыларына жетістігін бағалайтын KPI қойылады.

Сондай-ақ пән мұғалімдерінің ассоциациялары ресми  құрылып жұмыс жасайтын болады. Аталған ассоциацияларымен жылына екі-үш рет кездесіп, оқу бағдарламаларына қатысты күрделі мәселелерді қарап, ұсыныс пікірлерімен жұмыс жүргізетін боламыз.

Айтуға тиіс жақсы жаңалық,  Республикадан арнайы құжаттамалар жасалып, мектеп/колледж басшыларының жалақы қоры ұлғаятын болады.  

Түркістан облысында «Балалар жылын өткізуге» арналған кешенді жоспар бекітіліп, 80-ге жуық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар шеңберінде өңірде «Балалардың құқығын қорғау  жөнінідегі уәкіл, облыс әкімінің бала құқығы жөніндегі кеңесшісі» бекітілді.

Түркістан облысында бұл жауапкершілік Вероцкая Гүлжан Ералықызына жүктелді.

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыс пен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың  алдын алу және балалардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша  «Бес терек» жобасы іске асырылуда, «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдары мен «Ата-аналар қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы жұмыс жасауда.

Мектептегі үйірмелерге 327 мыңға жуық оқушы барады

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 53 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасауда, онда 28500 оқушы, ал, мектептегі үйірмелерге 327 мыңға жуық оқушы қамтылып отыр. Бұл облыс оқушыларының 70% (355600) құрайды.                                           

Қосымша біліммен қамту үлесі 2021 жылы – 67,6% болса, биылғы жылы 70%-ды құрады, жыл соңына дейін 75%-ға өсіру жоспарлан.

Осы бағытта Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға, ал Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды.

Ал, Түлкібас ауданы «Жанкент» жалпы орта мектебінің базасында 150 балаға арналған «Өнер» мектебінің филиалы құрылды.

Түркістан қаласында ашылған заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханасы бар.

Сондай-ақ жақын арада Кентау, Арыс, Төлеби аудандарында дәл осындай шеберханалардың тұсауы кесілмек.

Облыста ерекше білім беруді қажет ететін  балалардың шығармашылығы да назардан тыс қалған емес.

 2022 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күніне орай Республикалық «Жұлдызай» инклюзивті балалар шығармашылығының Фестивалі алғашқы рет Түркістан қаласында өтіп ерекше балаларымыз қуанышқа бөленді.

Облыста 26 мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін балаларға 31  арнайы білім беру ұйымдары қызмет етеді.

  52 колледжде 24 920 студент білім алуда

Мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыру мақсатында республикалық бюджеттен 10 000 орын, жергілікті бюджет есебінен 7000 орын бөлініп, барлығы 17 000 орынды құрап отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту мақсатында колледждерге арнайы талаптар қойып отырмыз. Колледж басшыларының жұмыстарын бағалайтын КРІ жүйесі енгізіледі, оның ішінде өндіріс орындарымен бірлесе отырып кіші кәсіпорындар құру, бизнес-инкубаторлар ашу мәселесі, педагогтардың сапалық құрамын арттыру, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жоғарылату қамтылатын болады.

2021 жылы 4 колледж «Жас маман» жобасы шеңберінде заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылды.

Анықтама: 52 колледжде 24 920 студент білім алуда, оның ішінде 19 668 студенті мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды. Ал «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 414 студент білім алуда.                      

Жаңа оқу жылында «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған 9 колледжде құзыреттілік орталықтары ашылатын болады. Облыстағы 25 колледжге техникалық және технологиялық бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша 100 пайыз WorldSkills бағалау жүйесі ендірілді.

Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың колледждерді ірі кәсіпорындардың қамқорлығына беру туралы тапсырмасына сәйкес өңіріміздегі 30 колледжді 53 кәсіпорын шефтік қамқорлығына алу туралы меморандумдар түзілді. 33 колледж 38 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі негізінде білім беруде. Сонымен қатар колледж студенттері 362 кәсіпорында келісім-шарт негізінде тәжірибеден өтуде.

2021 жылы «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында облыс құрамасы 19 медальге ие болды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. I don’t know if it’s just me or if perhaps everybody else experiencing problems
    with your website. It appears like some of the written text
    on your content are running off the screen. Can somebody else please comment and
    let me know if this is happening to them too? This might be a issue with
    my internet browser because I’ve had this happen before.
    Thanks

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.