Еліміздің аумағында 1 аптада 2,9 мыңнан астам қылмыс жасалды

Еліміздің аумағында 1 апта ішінде 2,9 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бір апта ішінде 2 936 қылмыс жасалды. Оның 2 012-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 32 тонау және 427 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Сонымен қатар ол Ыстанбұлда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас ассамблеясы – Интерполдың 89-шы сессиясы өткенін, оған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бастаған қазақстандық делегация да қатысқанын атап өтті.

«Ассамблеяға 160 елдің өкілдері, сондай-ақ Интерполдың ұлттық орталық бюросы, оның ішінде Қазақстан мен БҰҰ, ДСҰ сияқты бірнеше халықаралық ұйымдардың басшылары, Орталық Америка, Мексика және Кариб өңірі полиция басшыларының комиссиясы және тағы басқалары бас қосты. Интерпол жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл ұйым жалпы қылмысқа қарсы күрес саласында қатысушы елдердің ұлттық құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру саласында кең мүмкіндіктер ашады», — деді Нұрділдә Ораз.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

15 Comments

  1. Hello my family member! I wish to say that this
    article is amazing, nice written and include approximately all vital infos.
    I’d like to see extra posts like this .

  2. Hello! I could have sworn I’ve visited this blog before but
    after going through some of the posts I realized it’s new to me.
    Anyways, I’m certainly happy I discovered it and I’ll be bookmarking it and checking
    back frequently!

  3. Thanks for finally talking about > Еліміздің аумағында 1 аптада 2,9
    мыңнан астам қылмыс жасалды — Anyq.kz
    < Liked it!

  4. You really make it seem so easy with your presentation but I find this topic to be
    really something which I think I would never understand.

    It seems too complicated and extremely broad for me.
    I am looking forward for your next post, I will try to get the hang
    of it!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.