Шымкент: «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қауіпті індетке қарсы вакцина салдырды

Әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясына жəне еліміздің эпидахуалына байланысты, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қауіпті індетке қарсы вакцина салдырды.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Дəрігерлер тарапынан екпе егу кезінде əр қызметкерге толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев өз ұжымымен бірге Медикер емханасына барып, короновирустық инфекцияға қарсы ресейлік «Спутник V» Гам-Ковид-Вак вакцинасының бірінші дозасын салдырды. Мекеме басшысы қала тұрғындарын вирусқа қарсы екпе егуге шақырды.

— Кеше мен ерікті түрде вакцина салдырдым. Хал-жағдайым жақсы. Қазір өзімді және жақынымды індеттен қорғаудың әзірше жалғыз жолы – вакцина салдыру деп санаймын. Ұжымда жұмыс істеген соң, қауіпсіздігім үшін бұл шешімге бардым. Және сіздерді де өз денсаулықтарыңыз үшін екпені салуға шақырамын, — деді Ерлан Айтбаев.

Айта кетейік, әзірге қазақстандықтарға ресейлік «Спутник-V» вакцинасы салынып жатыр. Отандық вакцина сәуірдің соңында дайын болады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.