«Түркістан қаласы бойынша 2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысына орай 3917 отбасыға (21 601 адам) 1 240 968 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, төлем жасалынды. Дәлірек айтсақ, 2022 жылдың 1-ші тоқсанында 2 371 отбасыға (13 074 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі 26 147,1 теңгені құрады. Ал 2022 жылдың 2-ші тоқсанында 3 201 отбасыға (17 584 адам) 332 156,0 мың теңге тағайындалып отыр. Кедейлік шегі – 26 922,0 теңге мөлшерінде. Бұдан бөлек 2022 жылдың 3-ші тоқсанында 2 505 отбасыға (13 965 адам) 420 188,0 мың теңге тағайындалды. Кедейлік шегі 28 470,4 теңгеге жетті. Бір аңғарылатын дүние, әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны артып отырған». Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарын қорытындылаған бөлім басшысы Эльмира Тұңғышбайқызы Бейсенова осылай деді.
Атап өту керек, Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын 5 бағытта жүргізеді. Санамалап көрсетсек:
— Еңбек қатынастарын үйлестіру;
— Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау;
— Азаматтық хал-актілерін тіркеу;
— Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.
Эльмира Тұңғышбайқызының айтуынша, аталмыш бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес, мемлекеттік қызметтің 22 түрі көрсетіліп, қызметтің барлығы өз мерзімінде орындалып жатыр. Атап айтқанда:
Азаматтық хал актілерін көрсету секторында – 9 қызмет;
Жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында – 8 қызмет;
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару бойынша – 1 қызмет;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 3 қызмет;
Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша 1 қызмет көрсетіледі екен.
«2022 жылдың 10 айында жалпы 19225 мемлекеттік қызмет көрсетілген (тікелей бөлім арқылы – 1476 қызмет, ХҚКО арқылы – 10062 қызмет, электронды үкіметтің порталы арқылы — 7678 қызмет).
Оның ішінде:
— Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша — 11 737 қызмет;
— Аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша — 3917 қызмет;
— Жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша — 3502 қызмет;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 294 қызмет;
Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша 3692 қызметті Түркістан қаласының жұртшылығына ұсындық» — дейді бөлім басшысы.
Жоғарыда Түркістан қаласы бойынша 2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысына орай 3917 отбасыға (21 601 адам) 1 240 968 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, төлем жасалынды десек, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің баршасының берілу тәртібі бар. Бұл реттегі көмек ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» №1032 қаулысы, ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын бекіту туралы» №29-ө бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» №237-ө бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығы негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.
Атаулы әлеуметтік көмек туралы сөз қозғағанда, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы (КӘТ) айналып өту мүмкін емес. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арнап мемлекет қосымша табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама беріп отыр. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет табысы аз отбасылардағы балаларға көмек мақсатында енгізіліп отыр. Әлеуметтік пакет құрамына не кіреді? Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ағзасына темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, ұсынған болатын. Азық-түлік жиынтығымен балалар ай сайын қамтамасыз етіліп отыр. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады.
Эльмира Бейсенованың сөзіне сенсек, Түркістан қаласы бойынша 2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысына орай 3 987 балаға 204 339,0 мың теңге мөлшерінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалып, төлем жасалынған. Жіліктей айтсақ, 2022 жылдың 1-ші тоқсанында 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалса, 2022 жылдың 2-ші тоқсанында 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалыпты. Ал 2022 жылдың 3-ші тоқсанында 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798) 85 346,3 мың теңге тағайындалған екен.
«Бұл тұрғыда демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша да айта өткен абзал. 2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысына сәйкес, 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 237 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857 отбасыға, дәлірек тарқатсақ, Отырар шағынауданы — 195 адамға; Бекзат шағынауданы — 150 адамға; Шауғар шағынауданы — 130 адамға; Сауран шағынауданы — 189 адамға; Яссы шағынауданы — 106 адамға; Бірлік шағынауданы 87 адамға әлеуметтік тұрғыда қол ұшын создық. Осы ретте демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілгенін де атап өткен лазым» — дейді Эльмира Тұңғышбайқызы.
Бөлім басшысы сөздің ыңғайына қарай атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу сатылары хақында тереңірек түсіндіріп өтті.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
- Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін Egov порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып электронды цифрлы қолтаңбамен өтініш береді. Бұл ретте әркім өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің банктегі шот нөмірін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттарын ала баруы қажет.
2) Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
3) Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.
4) Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.
5) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.
6) Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады» — дейді ол.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не? Бұл — шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
- зейнеткерлік жасқа толуына;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
- екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе
Барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:
- үш жасқа дейінгі балаға;
- мүгедек балаға;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
- қарттар;
- бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.
Жалғыз басты және жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Атаулы әлеуметттік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасы халқының келесі санаттарына тағайындалады:
- ҚР азаматтары;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
- босқындар;
- қандастар.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.
Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?
ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:
- табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
- еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
- алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
- атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
- материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Кедейлік шегі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.
Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді.
Мысалы, өңірлер бөлінісінде 2022 жылдың 2-ші тоқсанында ең үлкен мөлшер Маңғыстау облысында (ЕТКД – 51 197, КШ – 35 838 теңге), Астана қаласында (ЕТКД – 47 522, КШ – 33 265 теңге), Алматыда (ЕТКД – 43 294, КШ – 30 306 теңге) және Алматы облысында (ЕТКД – 43 294, КШ – 30 306 теңге), Ақмола облысында (ЕТКД – 43 145, КШ –30 202 теңге). Қалған өңірлерде оның мөлшері 42 611 теңгеден 40 611 теңгеге дейін өзгереді. АӘК тағайындау кезінде азық-түлік тауарларының бағасына байланысты жергілікті атқарушы органдар есептейтін ең төменгі күнкөріс деңгейі қолданылады.
Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
- зейнеткерлік жасқа жетуімен;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
- екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
- Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.
Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.
АӘК белгіленген сомадан бөлек қосымша көмек ретінде кепілдендік берілген әлеуметтік топтама беріледі. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмектің түрлері мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1032 қаулысымен айқындалған.
Жасына қарай балалар екі санатқа бөлінеді – 1 жастан 6 жасқа дейін және 6 жастан 18 жасқа дейін. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларына сәйкес айқындалған азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарлары көзделеді. Оның құрамына: жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі, балаларға арналған гипоаллергенді балалар ботқасы, өлшеп оралған жүгері жармасы, өлшеп оралған сұлы жармасы, балаларға арналған печенье, пастерленген немесе ультрапастерленген сүт, бидайдың қатты сұрыптарындағы макарон, зауыттық қаптамадағы күнбағыс майы, классикалық гематоген, құрамында тұтас дәнді дақылдар бар таңғы асқа арналған сүт жастықшалары, ұсақталған бұршақ, қарақұмық жармасы немесе күріш кіреді.
6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендік берілген әлеуметтік топтама 4 бөліктен тұрады. Бұл – оқу орны бойынша бір реттік тамақтану, мектеп формасымен қамтамасыз ету, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрудің 50%-ын өтеу.
Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде:
— еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
— «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;
— жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;
— кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
— жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
— бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
— жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;
— кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер);
— өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
— ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;
— ақша аударымдары түріндегі кірістер;
— конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;
— құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
— бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;
— тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
— қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.
Бұл ретте, кірістердің кейбір түрлері қайта қаралды және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының жиынтық табысында ескерілмейді, оның ішінде:
— жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
— бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
— жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер
— 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
— 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
— бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
— бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
— атаулы әлеуметтік көмек;
— тұрғын үй көмегі;
— ТЖ салдарынан отбасына денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
— аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;
— мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрде көрсетілген көмек;
— қайырымдылық көмек;
— азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге жол жүруін төлеу;
— азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
— ҚР заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту, тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында көрсетілетін көмек түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
— жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан біржолғы төлемдер;
— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына материалдық көмек көрсету;
— аз қамтылған отбасы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде берілетін көмек;
— «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) берілетін біржолғы төлемдер»;
— Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті біржолғы өтеу;
— ЖОО-да, ТжКБ бойынша оқитын студенттерге төленетін стипендиялар.
АӘК тағайындауға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.
Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, ал қандастар үшін – оралман куәлігі ғана болса жеткілікті.
Бұдан бұрын талап етілген барлық қалған құжаттар мен мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады, ақпараттық жүйелерде деректер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберіледі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш береді.
Бұл тұста ескерер жайт, атаулы әлеуметтік көмекті қарауды және тағайындауды жеделдету үшін өтініш берушінің өз бастамасы бойынша құжаттардың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынуға құқығы бар. Сізге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын тексеру үшін тиісті анықтаманы онлайн-режимде алуға болады.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері туралы да айта өтейік.
«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес, бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.
Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.
Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
Тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек.
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?
Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) «кедейлік шегі» деп аталады. 2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді. Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.
Қазақстанда АӘК көлемі қандай болады?
Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.
АӘК-тен неге бас тартуға болмайды?
Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін Еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе білім министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі.
АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?
Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.
— 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:
— жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;
— балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;
— қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;
— қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;
— балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;
пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:
— пастерленген сүт – кемінде екі литр;
— қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;
— ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;
— қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;
— күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;
— гематоген – кемінде 240 грамм;
— құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;
— балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;
— таза бал – кемінде 200 грамм.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.
АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ Оқу-ағарту министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді.
Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі. Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет). Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді.
Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.
АӘК қашан беріледі?
АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.
АӘК кімге берілмеуі мүмкін?
Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады.
Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 5433 МҮГЕДЕКТІҢ ЖЕКЕ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮЗІЛГЕН
Атаулы әлеуметтік көмек турасында «ANYQ.KZ» ақпарат агенттігінің оқырмандары үшін жан-жақты ақпарат берген Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесіне ден қойды.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау «Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы №322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787-ХІІ Заңы, ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» №26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» №84 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Түркістан қаласы аумағында мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны 9523 адамды құрайды. Оның ішінде 5433 мүгедек азаматтың жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 67,6 пайызды құрап отыр. Жалпы, жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес олар 5538 құралға өтініш білдіріп, оның 3744-і қамтамасыз етілген» — деді бөлім басшысы.
Оның ішінде Түркістан қаласы бойынша:
- Протез-ортопедиялық құралдарға 775 адам өтініш білдіріп, 436-сы қамтамасыз етілген (56,2 пайыз);
- Сурдо-техникалық құралдарға 202 адам өтініш білдіріп, 123-і қамтамасыз етілген (60,8 пайыз);
- Тифло-техникалық құралдарға 417 адам өтініш білдіріп, 291-і қамтамасыз етілген (69,7 пайыз);
- Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 323 адам өтініш білдіріп, 286-сы қамтамасыз етілген (88,5 пайыз);
- Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1502 адам өтініш білдіріп, 586-сы қамтамасыз етілген (39 пайыз);
- Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 309 адам өтініш білдіріп, 304-і қамтамасыз етілген (98,4 пайыз);
- Ымдау тілі маманының қызметіне 89 адам өтініш білдіріп, 80-і қамтамасыз етілген (89,9 пайыз);
- Міндетті гигиеналық құралдарға 1921 адам өтініш білдіріп, 1638-і қамтамасыз етілген (85,2 пайыз).
Еске салайық, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Оның мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) үш кезеңде іске асыру аяқталды. Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды. Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді. Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді. Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған. Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді.
Ұлттық жоспардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту жолында жұмылдырылған барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылдарының стратегиясын, құрамын және дәйектілігін тұжырымдау.
Бұдан кейін Эльмира Бейсенова арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту туралы тілге тиек етті. Оның сөзінше, арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығы.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл — қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді» — деді ол.
Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіндегі әлеуметтік қызметкерлер саны 27-ні (1-меңгеруші, 1 кеңесші, 27 әлеуметтік қызметкер) құрап отыр.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 37 жалғыз басты қарт зейнеткер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 108 мүгедектігі бар бала, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 150 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетілді екен.
Түсініктірек болуы үшін қажетті деректерді төмендегі кесте түрінде ұсынып отырмыз.
Жалғізілікті қарттар | 2022 жыл | Төленген қаржы |
Қаралған сомасы | 1411,9 | 1176,6 |
Қарттар саны | 37 | 37 |
1 адамға төленетін сомасы | 3180 | 3180 |
Сонымен қатар бұл орайда 2022 жылы үйде оқитын, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер санының 300-ге жеткенін, соған сай қамтамасыз етілгені де 300-ді құрап отырғанын айта өткен жөн. Бұл көрсеткіштердің төменде кесте түрінде беріп отырмыз.
Үйде оқитын мүгедек балалар | 2022 жыл | Төленген қаржы |
Қаралған сомасы | 8270,0 | 6426,0 |
Мүгедек бала саны | 300 | 300 |
1 адамға төленетін сомасы | 3180 | 3180 |
Эльмира Тұңғышбайқызы оған қоса жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не әлеуметтік қызмет алуға 65 мүмкіндігі шектеулі бала кешенді қызметтермен қамтылғанын атап өтті.
2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 70 ерекше балаға күндізгі бөлімшеге арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынып келеді екен. Бұл көрсеткішті де өздеріңізге кесте түрінде назарларыңызға ұсынғанды құп көрдік.
Күндізгі бөлімше
|
2022 жылға
|
Мүгедек бала саны | 70 |
Қаралған сомасы | 51376,0 |
Игерілген сомасы | 34378,2 |
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2022 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА 6531 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН
Эльмира Бейсенова мұнан соң азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстарына тоқталды. «Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторы қызметкерлері 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығы мен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасына сүйеніп, жұмыс жүргізеді» — деген бөлім басшысы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексіне түсіндірме бере кетті. «Бұл кодекс — неке — отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы. Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің 91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес мерзімінде орындалады» — дейді ол.
Нақтырақ айтатын болсақ, бөлім құрамындағы АХАТ секторы туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы хал актілерін тіркейді. Тәптіштеп айтқанда, 2022 жылдың 10 айында туу туралы — 6531, оның ішінде өлі туылғандар – 92; неке қию туралы — 1597, оның ішінде шетел азаматтары — 18; қайтыс болу туралы – 793, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 57; неке бұзу туралы – 54, оның ішінде сот шешімі бойынша – 20; тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы бас-аяғы 28 хал актісі тіркеліпті.
Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы істердің саны – 316, жою туралы істер – 12, тууды мерзімі өтіп тіркеу істері – 1, ТАӘ өзгерту туралы істері — 28.
Сонымен қатар, анықтамалардың саны – 1113, қайталама куәліктердің саны – 1434.
Бір атап өтерлігі, 2022 жылдың 10 айында ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалмаған.
ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІГЕ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ҰЗАРТУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 10 АЙДА БАРЛЫҒЫ 3343 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Эльмира Тұңғышбайқызы назар аударған келесі мәселе еңбек қатынастарын үйлестіруге қатысты. Ол Мемлекет басшысының 2021 жылғы №622 Жарлығына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбеші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілгенін атап өтті. Бұл тұрғыда Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» №123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетуді бастаған екен.
Бұл ретте еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында ағымдағы жылдың 10 айында барлығы 3343 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.
Бөлім басшысы осы тұста Түркістан қаласындағы пробация жұмыстарына да тоқталды. «Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығы» — дейді Эльмира Тұңғышбайқызы.
Бөлім басшысы бұл ретте Түркістан қалалық пробация бөлімінің тыныс-тіршілігінен де хабардар етті бізді. Ұққанымыз, Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметінің есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленіпті.
Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген екен.
Қазіргі таңда 13 жұмыс орнына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар 81,2 пайызға орындалған.
Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 2022 жылы 15 сәуірде Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 2022 жылы 14 маусымда Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, сотталған 60 адам қатыстырылған. 2022 жылдың 16 мамырында есепте тұрған тұлғалар мен теологтар арасында кездесу ұйымдастырылды.
Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8-ші сыныптардағы балалары ағымдағы оқу жылында киім-кешекпен қамтылғанын да атап өткен орынды.
«Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 2022 жылы 21 наурызда Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс-шара өткізілді. 2022 жылы 20 сәуірде Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді. Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 2022 жылы 26 маусымда өткізілген цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілді. Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдесінде кіші футболдан жарыс өткізілді» — дейді Эльмира Бейсенова.
Айта өтейік, пробация дегеніңіз – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.
Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жылдың 15 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Дегенмен, Қазақстанда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай пробацияның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты. Бұдан бөлек, сол жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді.
Бұл кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.
Елімізде түрмеден шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, пробация қызметкерлерінің тиімді әрекеттерінің арқасында есепте тұрған пәленбай адам жұмысқа орналасса, пәленбай адамға ем алуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ білім, психологиялық көмек алды. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын қызмет түрі.
Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыттары азайтылды.
Пробация, ол – есепте тұрған адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады. Түркістан қаласы пробация қызметінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауына олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қылмыс жасау орын алады.
«Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.
Пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.
Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамаған не тәртіп бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ, пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотты болғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімін бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыныс енгізеді.
Пробация қызметкерлерінің міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетіледі. Пробациялық бақылаудан соң қайта сотты болғандар жоқ. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады.
Пробацияның төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – еліміздегі құрылғалы жатқан институт – балалар омбудсмені. Бұл құрылым жұмыс істей бастаса, ақ пен қараны ажырата алмай, қылмысқа барған жеткіншектердің құқығын қорғау барысында маңызды болмақ. Екіншіден, «Нельсон Манделла ережелері». Мандела ережелері қабылданғаннан кейін түрмелерде соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тәртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Жаңартылған Ереже сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің тәсілдерін өзгерткен. Үшіншіден, әйелдер колониясының қызметкерлерін және колонияда жазасын өтеушілер арасында оқу-дәрістер өткізу. Төртіншісі – жасөспірімдерге арналған пробация қызметі. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.
Әрине, пробация қызметінің құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып отыр. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар.
Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ДЕҢГЕЙІНДЕ АРДАГЕРЛЕРДІ САУЫҚТЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖОЛДАМАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Бөлім басшысының келесі назар аударғаны мәселесі аға ұрпақ өкілдері және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы болды.
«Түркістан қаласында 14523 зейнеткер тұрады. Оның ішінде;
- Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны – 3;
- соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны — 382;
- тыл еңбеккерлерінің саны — 384;
Көп балалы аналардың саны — 13291. Оның ішінде:
- алтын алқа — 621;
- күміс алқа — 2324;
- батыр аналар -75;
- 1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар — 106;
- 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны – 10165.
Түркістан қаласы деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында жолдамамен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда:
— 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп («Ардагерлер» үйіне — 260, «Мейір» ардагерлер үйіне — 240 жолдама), ағымдағы жылы «Мейір» ардагерлер үйіне — 192, «Ардагерлер» үйіне 208 жолдамамен қамтамасыз етілді.
— 4 ардагер басылымға тегін жаздырылды.
15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына 141 ауған соғыс ардагеріне 35 АЕК – 15115,9 мың теңге;
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК — 18923,2 мың теңге;
7 мамыр отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК — 30289,5 мың теңге;
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне 1000,0 мың теңге — 4000,0 мың теңге;
419 тыл ардагеріне 30,0 мың теңге -12570,0мың теңге;
17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа 1 АЕК — 510,0мың теңге;
Иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі -3479,6 мың теңге;
Туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК — 5623,8 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді» — дейді Эльмира Бейсенова.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК СҮЙЕМЕЛДЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ҮШІН БЮДЖЕТТЕН 35,0 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРАЛҒАН
Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы бұдан кейін Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы ақпаратпен қанықтырды. Оның айтуынша, 13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылған. Оның құрамындағы:
«Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 240 адамға қызмет көрсетілуде немесе көрсеткіш 66,6 %-ды құрады. Орталықта көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша 1390 қызмет көрсетіліп келеді.
Өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.
Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологтың көмегі, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән, тағы басқа үйірмелер қызмет етуде. Қазан айында өткізілген іс-шаралар:
1 қазан — Қарттар күні мерекесіне орай мекеменің ғимаратының ашылу салтанаты болды.
25 – қазан Қазақстан Республика күніне «Жайнай бер, жасай бер Қазақстаным!» атты іс-шара өткен. Мерекелік іс-шараларда зейнеткерлеріміз белсене қатысып ән айтып, би билеп, тілектерін білдірді және қатысқан зейнеткерлерге сыйлықтар таратылыпты.
«Қаржыландыру мәселесіне келсек, «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсету үшін бюджеттен 166,3 млн. теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 139,5 млн. теңгесі игерілген» — дейді Эльмира Тұңғышбайқызы.
«TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді енгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.
Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 150 адамға қызмет көрсетіліп келеді немесе көрсеткіш 50%-ды құрады. Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша 517 қызмет көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу, сонымен қатар демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта қызмет көрсетіліп, 9 іс-шара өткізіліп, жұмысқа орналасқан 10 адам, Бизнес тренинг бойынша 37 курс оқып, оның нәтижесінде 11 адам грант ұтып алған.
«Қаржыландыру мәселесіне келсек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 35,0 млн. теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 29,2 млн. теңгесі игерілген» — дейді бөлім басшысы.
Бұл ретте тиісті көрсеткіштердің төменде кесте түрінде ұсынғанды мақұл санадық.
2022 жылғы көрсеткіштер | |||||||
Жылдық жоспар | Орында—луы | Орындалу пайызы % | Бөлінген қаржы мың, теңге | Игерілген қаржы мың, теңге | Тұрақты жұмыспен қамтылғаны | ||
№ | Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау | 1455 | 1493 | 103% | 1 559 813,0 | 362 736,8 | |
1 | Қоғамдық жұмыстар (жалақысы — 85 000 теңге) | 650 | 843 | 130% | 845 120,0 | 322 483,0 | 20 |
2 | Әлеуметтік жұмыс орындар (жалақының 35%-ы) | 240 | 125 | 52% | 91 476,0 | 24 799,0 | 1 |
3 | Жастар практикасы (жалақысы — 91 890 теңге) | 500 | 490 | 98% | 567 135,0 | 65 640,0 | 0 |
4 | Алғашқы жұмыс орны (жалақысы — 91 890 теңге) | 30 | 35 | 117% | 56 082,0 | 5 205,0 | 0 |
5 | Ұрпақтар келісімшарты жобасы (жалақысы — 91 890 теңге) | 5 | 0 | 0% | 0,0 | ||
6 | Күміс жас жобасы (жалақысы — 91 890 теңге) | 30 | 0 | 0% | 0,0 | 0,0 |
Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек хақында жан-жақты деректер мен дәйектерді қалың оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз.
Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мүгедектің мынадай құқықтары бар:
- әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
- әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
- ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
- білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
- кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
- Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
- Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
- Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
- Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
- Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.
Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар:
- Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
- Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
- қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
- жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
- арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
- мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi. Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.
Еңбек келісімшартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын есепке алмай мүгедектер үшін жұмыс орындары санынан 2-4 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілейді; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруда; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құруда; мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.
Заңнамада еңбек қатынастарына қатысты мүгедектер құқығына кепілдік берілген. Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру мүгедектің келісімісіз жүзеге аспауы тиістігі көзделген, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шараларды іске асыруға рұқсат етіледі.
Мүгедектік топты белгілеу критерийлері
Бірінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып, ағза функцияларының тұрақты маңызды түрде бұзылуы немесе бұзылғанының анық көрінуі болып саналады. Топқа жататындығын белгілеу мүгедектердің сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты жүзеге асады.
Үшінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші дәрежелі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті); үшінші дәрежедегі тұспалға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Екінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.
Екінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); үшінші, екінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; екінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Үшінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функциялары бұзылуының баяу байқалуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, баяу байқалуына әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.
Бірінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); бірінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 2-4 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған.
Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісімшартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.
Білім саласындағы мүгедектерге берілетін жеңілдіктер
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған.
Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі.
Мүгедектерді сауықтыру түрлері
Жүргізілетін медициналық оңалту мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенін көздейді.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған. Ол мүгедектердi жеке басының гигиенасы, өзiне өзi қызмет көрсету, жүрiп-тұру, қарым-қатынас сияқты негiзгi әлеуметтiк дағдыларға үйрету; мүгедектердi техникалық көмекшi (қалпына келтiру) және арнайы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; мүгедектерге үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін медициналық жеке көмекші, естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтiк қызметін көрсету – жылына алпыс сағат; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетiлуiн қамтамасыз ету; мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
Мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалту құралдары мен қызметтерін беруге өтініші негізінде протез-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық еммен және басқа да әлеуметтік оңалту құралдырмен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледі.
Бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін Республикада медициналық-әлеуметтік мекемелер, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісі ұсынады. Интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге күтім, тамақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту, оқыту ұсынылады.
Республикада қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің 12 аумақтық орталық жұмыс істейді, олардың функцияларына көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік қызметтер көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізу, мүгедек-балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау (әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде), қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау, қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету кіреді.
ҰОС мүгедектері мен қатысушылар болып қандай тұлғалар қабылданады?
Соғыс ардагері болып бірінші дүниежүзілік соғыс, азаматтық және ҰОС-да әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде әскери қызметте болған, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағын қорғауға қатысқан ҰОС мен азаматттық соғыс партизандары, астыртын жұмыс істеушілері есептеледі.
Мүгедектер болып бірінші дүниежүзілік, азаматтық және ҰОС-ның әскери флоттарында, әскери-теңіз флоттары мен әуежайларында, темір жолдарда әскери қызметтен өткен кезде жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болғандар саналады.
ҰОС мүгедегі, қатысушысы мен соларға теңестірілген тұлғалар дәрежесін алуға қажетті құжаттар:
Қатысушының, мүгедектердің соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатындар дәрежесі ҰОС жылдарында әскерде болғанда, Чернобыль апатының жабылуында, бұрынғы кеңестер Одағын қорғауда берілген әскери билеттің анықтамасы негізінде, сонымен қатар ядролық сынақтар өткізуде жарақат алу салдарынан мүгедек болғандығы туралы анықтамамен анықталады.
Осы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі соғысқа қатысқандығы туралы куәлік береді, ал соғыс мүгедегі куәлігі – Қазақстан Республикасы тұрғындарын әлеуметтік қорғау органдарымен беріледі. Соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатын тұлғалардың зейнеткерлік құжатына белгі соғылады.
Тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, отын, телефон, дәрі-дәрмек, қоғамдық көліктерде жүру төлемдеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) бөлінеді.
АМЖ алу үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш;
- Жеке басының куәлігі;
- АМЖ алу құқығын білдіретін құжаттар.
Дайындаған: Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК.