Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында педагогикалық қызметте жетістікке жеткен ұстаздар үшін «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсының аудандық кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
Байқаудың аудандық кезеңіне қатысуға өтінімдерді Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін электрондық форматта келесі құжаттарды (материалдарды) тіркей отырып беруге болады:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 09 тамыздағы №355 бұйрығына сәйкес .
1) оқыту тіліндегі портфолио;
2) ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін),
ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ (орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін) сабақ жоспарын ұсына отырып;
3) ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик (озық педагогикалық тәжірибені тарату);
4) эссе 500 (бес жүз) сөзден артық болмауы тиіс.
Жұмыстар белгіленген мерзімнен кеш қабылданбайды.
Байқау қашықтық форматында өткізіледі.
Конкурсқа келесі критерийлерге сәйкес келетін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады:
1) білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар тұлғалар қатыса алады.
«Үздік педагог» атағын бір педагогке он жыл ішінде бір реттен артық беруге болмайды.
Бағалау қорытындысы бойынша комиссия «Үздік педагог»атағын беру байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын анықтайды.
Аудандық кезеңнің жеңімпаздары «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңіне қатысу құқығына ие болады.