ЖЕТІСАЙ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың күн тәртібінде өткен 2021-2022 оқу жылының есебі мен жаңа оқу жылының міндеттері, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың жауапкершілігі туралы мәселелер қаралып, жаңа оқу жылына мектептің ата-аналар комитеті сайланып, бекітілді.

Жиналыс барысында, сонымен қатар, мектеп пен ата-ана арасында түзілетін келісім, балалардың бос уақытын тиімді өткізуі, мектептің ішкі еңбек тәртібі, «Мектепке жол» акциясының барысы, мектепте «1 Қыркүйек – Алғашқы қоңырау» мерекесін мектеп аумағында талапқа сай өткізу, көлікпен серуен ұйымдастырмау, саяхатқа шығу, кафелерде тойлау сияқты әрекеттерге тыйым салу, мектеп формасы туралы және білім мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.