ЖЕТІСАЙ: ПЕДОГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жылы су ауылы, М.Шоқай атындағы №26 жалпы орта мектебінде 29.08.2022 жылы кезекті педогогикалық кеңес өтті. Жиында мектеп директоры У.Примбекова баяндама оқып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Өз сөзінде педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, біргелесіп үлкен жетістіктерге жетуге сенім білдірді. Жиналыстың күн тәртібінде мектеп директоры У.Примбекова мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған өндірістік жоспарды бекіту туралы айтып өтті. ДОІЖО . Тобақабылов 2021-2022 оқу жылындағы атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарына талдау жасады. Сонымен қатар 1-10 сыныптарына оқушыларды қабылдау, қозғалыс, үйде оқыту, 2022-2023 жаңа оқу жылына кеңес хатшыларын сайлау туралы сөз алды. Әлеуметтік педагог Р.Мауленова қамқоршылық кеңестің құрамы мен жұмысы туралы айтып өтті. Мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ауелбеков жаңа оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша ерекшеліктерді атап, мектептің ішкі тәртіп ережесі және сынып жетекшілерді бекітуді ұсынды. Сонымен қатар ӘБ жетекшілерін сайлау, әдістемелік кеңес құрамын бекіту туралы ДОІЖО М.Ебеков сөз алып, шешімдер бір ауыздан қабылданды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.