Жас білімпаздар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бас қосты

Түркістан қаласында климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сын-қатерлерде не істеу қажет деген мәселе төңірегінде сарапшылар мен жас ғалымдар бас қосып, осы құбылысқа қарсы тұрудың жолдарын талқылады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен серіктестікте ұйымдастырған лекцияар мен семинарлар Қазақстаннның өңірлерінен келген ғалымдар мен докторанттар, сондай-ақ бизнес және Үкімет өкілдерінің назарын аударды.

Кездесуде қазіргі экологиялық өзгерістер мен оларды энергетика мен көлікті тиімді дамыту арқылы еңсеру жолдары ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік салдар мен климаттың өзгеруіне әділетті көшуді қамтамасыз ету қажеттілігі де талқыланды.

Мамандар жас ғалымдар үшін бұл саладағы халықаралық тәжірибенің маңыздалығын атап өтті. Еуропалық Одақтың негіздемелік бағдарламалары бойынша Ұлттық орталықтың жетекшілігімен өткен стратегиялық сессия энергетика және көлік арқылы климаттың өзгеруі контекстіндегі тұрақты болашақтың стратегияларына арналды. Шараның маңызды бөлігі жас ғалымдардың әртүрлі салаларындағы соның ішінде климаттың өзгеруі, медицина және атом өнеркәсібі бағытындағы жобаларының тұсаукесері болды.

Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Ақатов және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті басшылығы қатысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі Мақсат Байбеков, Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов атап өткендей, «бүгін біз Қазақстанға да әсер ететін жаһандық экологиялық өзгерістерді талқылап жатырмыз. Әрине, климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық тәжірибе ғалымдарға пайдалы болды».

Ғылыми қауымдастық пен қоғамдық сектордың өкілдері осы саладағы халықаралық тәжірибе алмасудың және оны қазақстандық тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары климаттың өзгеруінің энергетика мен көлікке әсері, сондай-ақ, ғылыми жобалаларды халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері болды.

Халықаралық ғылыми-технологиялық орталығының атқарушы директоры Дэвид Клив атап өткендей, «біз осы іс-шараның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз және ғалымдарға қаржылық қолдау көрсету – 30 жылдан астам уақыт бойы ғылыми-зерттеу жобаларын басқаруда ХҒТО 220-дан астам жобаға тұрақты түрде қолдау көрсетті, жүзеге асырылды, оған 5 400 қазақстандық ғалым жаһандық деңгейде 4500-ден астам жобаны аяқтадық, 1,6 миллиард доллар қаржы жинадық, 80 000-нан астам ғалымдарды жұмылдырдық және әлемнің 100 түрлі елінде белсенді ынтымақтастық орнаттық».

ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі Мақсат Байбеков атап өткендей, «Бүгінгі таңдағы экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер келісілген әрекет пен ынтымақтастықты жақсартуды талап етеді. Климаттың өзгеруі, су тапшылығы және ресурстарды теңгерімсіз пайдалану тек аймақтық ғана емес, сонымен бірге, бәрімізге әсер ететін жахандық мәселе. ЮНЕСКО ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы көшбасшы ретінде білім алмасу және прогреске жету үшін әртүрлі мүдделі тараптарды біріктіретін бағдарламаларды қолдайды. Біз жас ғалымдарға арналған бірнеше жобаларды, атап айтқанда, жас ғалымдарға арналған Орталық Азия желісін қолға алып жатырмыз және Келісімге қол қою арқылы Ғылым қорымен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз».

Жас ғалымдар медицина, атом өнеркәсібі және климаттың өзгеруі сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын жобаларын ұсынды. Жапон ғалымдары да баяндама жасап, Қазақстанмен ынтымақтастық және тұрақты даму бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Негізгі баяндамашы ретінде Хоккайдо университетінің докторы Тошихико Ямада, сонымен қатар Жапониядағы Цубака университетінің Қиыр Шығысты зерттеу кафедрасының шақырылған профессоры доктор Такаши Ниномия сөз сөйледі.

Саммиттің маңызды аспектісі ғылыми жеістіктерді коммерцияландыру бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу ережелерін талқылау болды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өкілдері бұл саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, жас зерттеушілер үшін құнды ақпарат көзі болды.

Аптап ыстық, аңызақ жел. Климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен. Әлемдегі жасыл желектің жерсіну көрсеткіші 70 пайызды құраса, шаһар аумағындағы деңгейі 50%-дан аспайды. Осылай деген ғалымдар көне қаладағы жасыл желектің көлемін арттыруды қос қолдап қолдауда. Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалық тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «Жасыл аймақ» құрылған.

Мұнда жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналып келе жатқан аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылған. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізілген. Қала аумағында ұңғымалар қазылып, су арналары жүргізілген. Бірнеше су қоймалары салынып жатыр. Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбандар тартылған. Қоршаған ортаны жақсарту үшін Түркістан облысының елді мекендерінде тұрақты негізде жасыл желектер отырғызу бойынша акциялар өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «|Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл  кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Республика аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд түрлі ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген.

Түркістанның «Жасыл аймағы»Астана қаласының «Жасыл аймағының» аналогы ретінде құрылғанын айта кетейік. Бүгінгі таңда елді мекендерде көгалдандырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған Жасыл аймақ құрылған. Тек климаттың қолайсыздығы кедергі. Жазда ауаның температурасы 35 градустан асады. Ылғалдылық өте төмен. Жауын-шашын өте аз. Үлкен жұмыс атқарылуда. Питомниктер құрылуда. Түркістан маңында 30 мың гектар алқапта «Жасыл аймақ» құрылады. Мұнда ыстыққа төзімді ағаш түрлері отырғызылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығына келген сапарында «Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар» дей келіп, киелі кентті түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы ретінде дамыту, әлемнің әр түкпірінен келген қонақтардан босамай жататын қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға ұдайы көңіл бөліп отыруды тапсырған болатын. Осы орайда облыс әкімі Дархан Сатыбалды да Президент тапсырмасына нақты іспен жауап беру жолында аппарат отырысында тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріп, төрткүл төңірекке танымал теберік қаланы танымастай түрлендіріп, жасыл желекке орап қоюды міндеттеп келеді. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 5 жыл көлемінде мемлекеттік орман қорында 2 миллиард және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес облысымызда 2025 жылға дейін 110 210 гектар алқапқа 170 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес 2022 жылы 16200 гектар жерге 24 млн. түп ағаш егілді. Сонымен, 2021 жылды қоса алғанда орман алқабы (бұрнағы жылы 15120 гектарға ағаш егілген еді) 31 320 гектарға жетті. Сонымен қатар облыс әкімдігінің бастамасымен 2019-2022 жылдары Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінге дейін  13629 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.

Бір гектар орман жылына 18 млн. текше метр ауаны тазартып, 1 сағат ішінде 8 келі көмір қышқыл газын сіңіреді. Бұл 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмір қышқыл газының көлемімен тең. «Казгидромет» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, аталған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қарқынды жүруі  Түркістан қаласының экологиялық жағдайын да тұрақтандырып отыр. Бұған су жүйелерін жаңғырту, жасыл алқаптардың көбеюі, қаланың толықтай табиғи газ жүйесіне қосылуы да оң әсерін тигізуде.

Бүгінде облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 миллион данадан астам түрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта  көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарлануда. Бұл облыстың аудан, қала және елді мекендерінде жасыл желектің көбейіп,   экологиялық ахуалдың  тұрақтануына ықпалын тигізері анық.

Түркістан қаласы мен оның төңірегінің климаты күрт құбылмалы,  континентальды. Осыған орай Түркістан қаласын абаттандыру қарқынды жүргізілген алғашқы жылдары егілген орман ағаштарының  25 пайыздан астамының жерсінбей, қурап қалғанын жасыруға болмайды. Бұл табиғи құбылыс еді.

Зерделеу мен зерттеулер, тәжірибе алмасу жұмыстары барысында облысымыздың мемлекеттік орман қоры жерлеріне егілген мәдени екпелердің нормалық жерсіну пайызы 75 пайызды құрады. Алайда, қатаң континентальды климат аймағында орналасқан Түркістан қаласы мен басқа да экологиялық зардапты аймақтарда орналасқан орман қоры жерлерінің топырақ құнарлылығы төмен еді. Сол себепті ғылыми-зерттеу университетінің қызметкерлері   ұсыныстар әзірледі. Бұл жұмыстар жемісін беріп, облыстың орман қоры жерлеріне егілген  орман дақылдарының жерсіну нормасы (көнімділігі) 50 пайызды құрады. Бұл табиғи ерекшеліктері өте ұқсас Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жерсіну көрсеткіштерімен тең болып шықты. Осы көрсеткішке сүйеніп, 2022 жылы орман шаруашылығы саласының заңнамаларына сәйкес, Түркістан облысында егілген мәдени екпелердің нормалық жерсіну пайызы  50 пайыз болып бекітілді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin