Жетісай: Аудан әкімі жазғы маусымда егістік жерлердегі суғару бойынша ауыл әкімдерінің есебін тыңдады

Жетісай ауданы әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округтың әкімдері мен аумақтық бөлім басшылары қатысты.

Аппарат жиналысында Жетісай ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас дәрігері Сәкен Тұрғараұлы Серікбаев

Жетісай ауданы тұрғындарының «COVID-19»-ға қарсы екпе егу (вакцинациялау) жұмысының барысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, аудан басшысы эпидемиологиялық ахуалды басты назарда ұстап, мобильді топтың жұмысын тоқтатпау керектігін атап өтті. Және жазғы маусымда егістік жерлердегі суғару бойынша ауыл әкімдерінің есебін тыңдады.

Айта кету керек, биыл тамыз айынан бастап Өзбекстан Республикасынан мемлекетаралық «Достық » магистралды каналынан келетін ағын су көлемі азайатындығы күтілуде. Алдағы уақытта Жетісай ауданының шаруалары келіп жатқан ағын суды тиімді пайдаланып, суғару жұмыстарын жеделтету керек.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.