Жетісай: Аудан әкімі онлайн форматта қабылдау өткізді

Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы елдегі эпидахуалдың күшеюіне байланысты аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізді.


Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қоғамдық қабылдауға бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. ZOOM платформасы арқылы өткен қабылдауға жазылған азаматтар елді мекендеріндегі ауыз су, жол, тұрғын үй, ағын су, көшелерді жарықтандыру, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері, сонымен қатар, үлкен жолдарда жол кедергілерін орнату, елді мекендерден аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көліктерді қолға алу жайлы өтініштерін айтты.

«Біздің өткізген әрбір қоғамдық қабылдауымыз, мұнда айтылған мәселелер, ұсыныстар мен өтініштер аяқсыз қалмауы тиіс. Өйткені, келушілер де қазір бұрынғыдай жеке басының мәселесін емес, қоғам үшін қажетті, ауыл-аймақтың қажеттіліктерін айтып келеді. Тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру – Сіз бен Біздің міндетіміз» деді аудан басшысы жиын соңында.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.