Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы — дәуірдің дара тұлғасы!» тақырыбында диктант жазу шарасы өткізілді.
Шараға Жетісай жоғары медициналық колледжінің студенттері мен №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты — жас ұрпаққа қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға — Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде жастар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.