
Зияткерлік меншік құқығын қорғау аясына өнертабыстар, тауар белгілері, фильмдер, кітаптар және музыка кіреді. Авторлық құқық объектілерін заңды пайдалану үшін автордың рұқсаты керек.
Авторлық құқық саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық конвенциялар музыкалық шығармаларды, мысалы, интернетте немесе әлеуметтік желілерде пайдалану үшін авторлардың немесе құқық иесінің рұқсаты керек екенін анық белгілейді. Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы Шолпан Әбдірееваның ОКҚ алаңында хабарлағандай, заңнамада туындыларды авторлардың келісімінсіз және сыйақы төлемей, пайдалануға рұқсат етілген еркін пайдалану жағдайы қарастырылған. Бұл жағдай нақты реттелген.
«Мысалы, сілтеме жасау кезінде өткен материалды бекіту кезінде, мұрағаттық нұсқаны сақтау үшін және тағы басқа оқу мақсатында пайдалануға болады. Заңнаманы жетілдіру үшін өткен жылы Әділет министрлігі «Зияткерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Жобада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау, зияткерлік меншікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, инвестициялар тарту бойынша қосымша құқықтық тәсілдерді енгізу көзделген», – деді спикер.
Заң жобасы көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, тауар белгілерін жедел тіркеуді енгізу, патенттік сенім білдірілген өкілдерін, қызмет салаларын ажырату және тағы да басқа тетіктер бойынша түзетулерді қамтыды. Қазіргі уақытта заң жобасы — Мәжіліс қарауында.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.