КЕЛЕС: «ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ»

Бүгін Келес ауданында білім беру қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы Тамыз кеңесі өтті. Айтулы іс-шараға Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Марина Сейдуалықызы, бөлім басшысы Бахтияр Сапарұлы, ауыл әкімдері, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектеп директорлары мен ардагер ұстаздар және білім саласының мамандары қатысты.

Тамыз кеңесінде педагогтар білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылады.

Кітапханашылар мен мектепке дейінгі ұйымдардың, жетекші мектептер мен суретшілер көрмесі ұйымдастырылды.

Басқосу барысында 50-ге жуық аудандық білім беру саласына қосқан үлесі үшін білім саласының майталман мамандары мен ұлағатты ұстаздар марапатталды.

Жарыссөзге шыққан ата-аналар қауымдастығының өкілі, Польшаның қос бірдей университетінен грант жеңіп алған шәкіртіміздің анасы Хайдарбекова Манап ұстаздарға алғысын білдірсе, «Айналайын» жекеменшік балабақшасының құрылтайшысы Назым Нұрлыбаевна балабақша мәселесін көтерді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Қамзабекқызы ұстаздарға жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Конференция соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.