КЕНТАУ: «Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің инновациялық тиімді әдіс тәсілдері» мектепішілік семинар

Түркістан облысы, Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, Ататүрік атындағы №4 мектеп -лицейінде 2022-2023 оқу жылындағы жоспарға сәйкес, 4 қазан күні директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Салмаханова Ұлбосынның ұйымдастыруымен мұғалімнің, психологтың, сынып жетекшілерінің дарынды және басқа балалармен жұмысын ұйымдастыру, дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету,білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру мақсатында «Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің инновациялық тиімді әдіс тәсілдері» тақырыбында мектеп ұстаздарының қатысуымен мектепішілік семинар өтті.

Бірінші кезекте: Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Ұ.Салмаханова- Білім бері ісіндегі аса маңызды болып саналатын мәселе –бала,жеткіншек бойындағы ерекше қасиеттері мен қабілетін уақытылы байқап дамыту,сондықтан дарынды оқушымен жұмыс жасау деңгейі, мұғалімнің жан-жақты интеллектуалдық деңгейін көрсететін мәселе деп білімін деп, ұстаздарды семинар бағдарламасымен, мақсатымен таныстырып өтсе, мектеп директоры Айшолпан Бүркітбайқызы дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті мәселе. Сондықтан, бүгінде мектепке жоғары талап қойып отыр. Бұл деген- барлық пән бойынша жақсы білім беретін — мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс, -мектеп жаңаша білім беруі қажет. Дей келе, мұғалімдер дарынды балалардың белгілерін, жұмыс жасау міндеттерін, бағыттарын, кезеңдерін білу керектігін атап көрсетті.

Семинарда 9 ә сыныбының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мұхтарова Назира «Сынып жетекшілердің- дарынды оқушымен жұмысы» тақырыбында баяндама жасап, өз сыныбындағы дарынды оқушыларымен жұмыстарын таныстыра келе, оқушының тілдік дарындылығын дамытуда оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлерімен, сабақтарда сын тұрғысынан ойлау стратегиясы арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмасып отыруы, оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар . Сондай-ақ, оқушылардың басқа мәдени шаралармен және қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысуы-деп баса назар аударды.

Химия пәнінің мұғалімі тәжірибелі ұстаз Гүлайым Рысбекова — «Дарынды оқушылардың ғылыми жобаларын конурстарға дайындауға және рәсімдеуге қойылатын талаптар» тақырыбында оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуын ұйымдастыруда алдымен назар аударатын жайт- тақырып таңдау. Таңдалған тақырып заманауи білім-ғылым дамуында өзіндік орны бар, перспективалы бағытқа сай болу керек дей келе, Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтынын және өзектілігін айта келе, рәсімдеу жұмыстарына қойылатын талаптарды — титул парағы, мазмұны, аннотация, зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдалынған әдебиеттер тізімінің орындалуын терең әрі толық түсіндіріп,мысалдар келтіріп өтті.

Мектептің педагог-психологы Әсем Мұсағұлқызы — «Дарынды баланы дамыту» тақырыбында, зерттеу жұмыстарының маниторинг жасап талдап көрсетіп,оқушылардың ақыл -ой қабілеттерін жетілдіру, шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту, дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету біздің бірден бір міндетіміз деп атап айтып өтті.Сондай -ақ, қатысушылармен «Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту» мақсатында тренинг жасап, дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұстаздарға кеңес берді.

Бастауыш сынып мұғалімі Жанар Амирова — «Дарынды балалармен жұмыс жасау өзектілігі» тақырыбында баяндама жасап, дарынды баламен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді, ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады деп, өзінің іс –тәжірибесінен дарынды баларамен жұмыс жасауда жаңа тиімді әдіс тәсілдерді көрсетіп өтті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары — Н.Дүйсенбиева — еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңда негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейде шығаруға қабілетті,өзіндік жеке көз қарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу екендігін айта келе, бүгінгі семинарда баяндама жасап практика жүзінде жаңашыл әдіс тәсілдерді көрсеткен мұғалімдердің жұмысын бағалап, мектепішілік мақтау қағасына ұсынса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Баршабекова — өз сөзінде, басты міндет –жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету,оның фундаменталдық ,сабақтастық негізде білім беру ортасын құру. Сабақ ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы бала дарынын дамытып, өзіндік дүние танымын қалыптастырамыз. Сондықтан, оқу тәрбие үрдісінде жаңа иновациялық әдіс тәсілдерді енгізу- оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Осы мақсатта бүгінгі семинарда баяндама жасаған мұғалімдер құнды мәліметтер берді, іс-тәжірибелерін жоғарғы деңгейде көрсете білді, сондықтан мектепішілік, қалақа көлемінде іс тәжірибелерін дамытуға ұсыныс білдірді. Алдағы уақытта шығармашылық табыс, дарынды оқушыларың көп болсын деген тілекпен аяқтады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.