Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық ювеналды полиция бөлімі оқу жылының басталуына орай 9-11 сынып оқушыларымен бірлескен жиналыс өткізді

Ағымдағы жылдың 8-9 қыркүйек күндері Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық ювеналды полиция бөлімі Қазақстанға 30 жыл атындағы №3 мектеп гимназиясы, Абай атындағы №5 жалпы орта мектеп, Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектептерге жаңа оқу жылының басталуына орай 9-11 сынып оқушыларымен бірлескен жиналыс өткізді. ЮПТ бастығы Ж.Ахметов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева, психология саласының әдіскері Р.Жайынбай кәмелетке жасы толмаған ұлдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстың мақсаты құқықбұзушылықтың алдын- алу, мектеп қабырғасындағы тәртіп,көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысын, күндізгі және түнгі рейдттердің жүргізілуі туралы ақпарат беру.
Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі, балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын- алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құрметті ата-аналар күндізгі,түнгі мезгілде еріктілерден құрылған топтар рейдтте жүреді, балаларыңыздың қауіпсіздігіне сақ болыңыздар, сынып жетекшілерімен үнемі хабарда болып, бірлесіп жұмыс жүргізіңіздер.
Ad Widget

Recommended For You