КЕНТАУ: Қала әкімі ұстаздарды мерекемен құттықтады.

Қымбатты да ұлағатты ұстаздар!

Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесі — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді.

Құрметті ұстаздар! Ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда.

Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады.

Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті» десе, есімдеріңізді әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Бүгінгі күн — білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл тұрғы да оқушыларымыз жан-жақты білімдерін дәлелдеп келеді. Өткен оқу жылының нәтижесі де жемісті болды. Оның бәрі әрине алдымен ұстаздардың еселі еңбегінің нәтижесі деп білем. Баршаңызға аян, Кентау қаласы білім жағынан үнемі алдыңғы қатарлардан көрініп жүреді. Мұндағы ұстаздардың білім берудегі қалыптасқан тәжірибелері мен іскерліктерінің арқасында деп айтуға болады.

Қадірлі ұстаздар қауымы!

Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақ тәрбиесінде шаршамай, талмай еңбектене берулеріңізге тілектеспін. Мақсаттарыңыз орындалып биылғы жаңа оқу жылындада еңбектеріңіз жанып, биік белестерге жете беріңіздер.

Құрметпен, Қала әкімі Ж.Қ.Тасов

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.