Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғамның дамуының басты міндеттерінің бірі. Жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, кітапхана қорын молайту мақсатында Ә . Бөкейханов атындағы N 23 жалпы орта мектебінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен » Кітапханаға кітап сыйла » акциясы болып өтті. Акцияға мектеп ұстаздары , Орталық кітапхана қызметкерлері, балалар кітапханасының қызметкерлері және оқушылар қатысып, нәтижесінде кітапханаға 93 дана кітап , оның ішінде ертегі кітаптар,қызықты энциклопедиялар , шетел жазушыларының кітаптары, орыс жазушыларының кітаптары сыйға берілді .