КЕНТАУ: «USTAZ CUP I»

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында 10 қазан күні, 2022-2023 оқу жылына арналған пікір-сайыс қозғалысын дамытудың өнірлік жоспарына сәйкес «Мұғалімдер күніне» орай , №10 мектеп базасында, «USTAZ CUP I» АПФ форматтағы пікір-сайыс турнирінің қалалық кезеңі өтті.

Турнирге бөлімге қарасты 15 мектептен, ағылшын, орыс, қазақ фракциялары бойынша — 21 команда қатысты. Оқушылар өте белсенді, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Үздік ойын көрсеткен дебатерлар адами әлеуетті дамыту бөлімінің марапаттарымен мадақталды. Дебатшыларға ізденімпаздық пен сәттіліктер тілейміз!

«USTAZ CUP I» пікір-сайыс турнирінің огблыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларымызға Кентау қаласының мәртебесін көтеріп, жеңімпаз болуларына тілектеспіз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.