Келес: Волейболдан олыстық турнир өтті

Келес ауданында Ұлы Отан Соғысының, партия, совет, шаруашылық жұмысының ардагері Самбет Саттаровты еске алуға арналған спорттың волейбол түрінен облыстық турнир өтті.


Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жарысты аудандық мәслихат депутаты Ғ.Мырзабаев, Ұшқын ауылдық округі әкімі Ғ.Байдосов және ардагер волейболшы М.Тағаевтар ашып берді.

Самбет Саттаров — 1925 жылы наурызда Шымкент облысы, Келес ауданындағы «Абай» атындағы Колхозда дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерліктері АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙ, Ұлы Отан соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі , Қызыл Жұлдыз және 1990 жылы Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі Орденімен екінші рет наградталған.

Түркістан облысының Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш және Қазығұрт аудандары сынды 12 құрама қатысқан дүбірлі дода Ұшқын ауылдық округінде өтіп, бас жүлдені Келес ауданының волейболшылары қанжығаласа, екінші орынды Жетісай ауданы, үшінші орынды Мақтаарал ауданы иемденді. Үздік ойыншы, қорғаушы, шабуылшы, үйлестіруші, төреші номинацияларына облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы тарапынан грамоталар берілді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.