
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Кентау қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында қаладағы индустриялық аймақтың жұмыс барысын және «АБН Альянс» ЖШС, қаладағы арнайы экономикалық аймақты аралады.
Қала әкімі Даурен Махажанов аймақтағы жүзеге асырылған және асырылудағы инвестициялық жобалар мен инфрақұрылым жүйелерінің мәселелерімен таныстырды.
Индустриалды аймақтың негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын ашу, өндіріс көлемін арттыру және экономиканы дамыту. Кентау қаласындағы индустриялды аймақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрайды. 10,65 гектарына 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 4,3 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым орналасқан.
Бүгінгі таңда Индустриялық аймақта Индустриаландыру картасына енгізілген 3 жоба толық іске асырылған. Олар:
- «ЮгЭлектроПривод» ЖШС, жоба – Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару, жер көлемі – 2 га, жоба құны – 828 млн. тг.,
- «Электродеталь» ЖШС, жоба – «35-110-220кВ трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығаратын цех», жер көлемі – 1,6 га, жоба құны – 816 млн. тг.,
- Жеке кәсіпкер Е.Ауэзов «Оттегі шығаруды ұйымдастыру» жобасы, жоба құны 45 млн. теңге. Жер көлемі 0,25 га. Жылдық қуаттылығы 25 мың дана оттегі баллонын толтыру көзделген. Цех құрылысы толығымен аяқталған. Жоба 2019 жылы толығымен іске қосылып, 10 адам жұмыспен қамтылған.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
905794 586665Some times its a discomfort in the ass to read what weblog owners wrote but this website is genuinely user pleasant! . 89627
727902 822927I dont agree with this specific article. Nevertheless, I did researched in Google and Ive discovered out that you are correct and I had been thinking inside the incorrect way. Continue producing quality material comparable to this. 190496