«Көксарай» су реттегішіне көп көлемді су жинау өте қауіпті

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге өңірдегі «Көксарай» су реттегішін аралап, қарап шықты. Сонымен бірге тікұшақ арқылы әуеден бақылап, шолу жасады.
«Көксарай» су реттегіші пайдалануға 2011 жылы берілген. Негізгі мақсаты – су тасқынының алдын алу. Көлемі – 3 000 млн. текше метр, су шығару қабілеті – 500 текше метр/сек. Аралау барысында су реттегішінің жағдайымен танысып, мәселелерін талқылады.
«Көксарай» су реттегішінде құлақтандыру қондырғысы орнатылмаған. Су реттегіштің жағдайы қанағаттанарлықсыз. «Көксарай» су реттегішінің бөгетінде жыл сайын ыза (фильтрация) сулардың шығуы артуда. Бөгетке көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын алғанша көп көлемді су жинау өте қауіпті екені атап өтілді.
Қазіргі таңда республикалық бюджеттен жобалық-сметалық құжаты мен күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген.
ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Арынов көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін, сонымен қатар дабыл қағу қондырғысын орнату, су қоймада су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шарасын сақтау қажеттігін айтты.
«Көктемгі су тасқынына дайындық сапалы болуы тиіс. Біздің міндетіміз – адамдарды қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайдың өзгеруі туралы жедел хабардар ету қажет. Елді мекендерде су ағатын арықтарды тазалау бойынша уақтылы шаралар қабылдау керек» — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі.
Облыста су тасқыны қаупі бар 1 елді мекен айқындалған, онда 665 үй мен 1620 адам бар.
Түркістан облысы ТЖД жағдайды тәулік бойы су қоймаларды бақылауда ұстап келеді. Жергілікті атқарушы органдар «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жұмыстарды алдын ала жүргізуде.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin