МАҚТААРАЛ: «Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы мектебі» коммуналдық мемлекеттік меке-месінде ұйымына «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 06.10.2022 ж. күні ДТІЖО Р.Т.Аманова «Өзін-өзі басқару» ұйымына «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

-Іс-шара қонағы мектеп түлегі, Қазақстан бойынша Армрестлинг чемпионы, ауыл тұрғыны Ю.Муштаев оқушыларға- Салауатты өмір салты дегеніміз-денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» — деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады, -деп, оқушылармен Армрестлингтен үзінді көріністер көрсетті.

-Мақсаты:

Салауатты өмір салтын ұстану, оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.