Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі «коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.Аманова мектеп испекторы Н. Тогызбаевтың қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылық және оның алдын алу мақсатында «Мен тәртіпті оқушымын» тақырыбында жиын өткізді.
Жиында ДТІЖО Р.Т.Аманова Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керектігін, бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырғанын айтып өтті.
Мектеп инспекторы Н.Тогызбаев «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайтынын айтып өтті. Сонымен қатар,
құқықбұзушылық орын алған жағдайда қандай тәртіптік шара қолданылатыны жөнінде айтып берді. Оқушылар арасында құқық бұзушылық, қысым көрсету, «Бопсалау» секілді жағдайлар мектепте орын алып жатқан жағдайда оған қолданылатын тәртіптік шаралар жайлы да түсіндіріп өтті.
Мақсаты: Оқушыларға құқықбұзушылық туралы терең түсінік беру. Оның түрлері, себептері мен салдарын ұғындыру.