Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда 1- Қазан қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаттар, іс-шаралары аталып өтілді. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас — көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Біз өзіміздің ата — әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып қарияларымызға деген құрметтерін аямай қызмет ету балаларымызға көрсеткен тәрбие. Қарттарды қадірлейік, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсін.
You are truly a excellent webmaster. This website loading pace is incredible.
It kind of feels that you’re doing any distinctive trick.
Moreover, the contents are masterwork. you’ve done a magnificent
process on this topic! Similar here: najlepszy sklep and also
here: Sklep