Білім беру ісі – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін бір күн немесе бір жылда көрінбейтін ғаламат құндылық.
Мемлекет басшысы «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасында: «Ғылым мен білім өте маңызды. Мықтылар бірді, ғалым мыңды жеңеді. Білім – тез өзгеретін қазіргі әлемдегі ең қуатты және тиімді құрал. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды» — дейді Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серикбаев.
Оның берген мәліметтеріне сүйенсек, өткен оқу жылында ауданда 56 жалпы орта мектеп жұмыс істеді. Онда 28098 оқушы білім алса, 2483 бала мектепалды дайындық сыныбында тәрбиеленген. Сонымен қатар 1 «Оқу өндірістік комбинаты» және 1 «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жұмыс атқаруда. Яғни, қосымша біліммен 2730 бала (9,7 %) қамтылып отыр. 2021-2022 оқу жылында жалпы 43 мектепте мүмкіндігі шектеулі 190 бала үйде оқытылса, 15 мектепте 22 оқушы инклюзивті оқытумен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге 11 мектепте 33 арнайы сыныпта – 257 ерекше білім беруді қажет ететін бала білім алды.
«Ауданда 2022-2023 оқу жылында 58 орта білім беру ұйымында (56 -мемлекеттік, 2-жекеменшік) 28257 оқушы оқиды. Биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 2980 оқушыны қабылдау жоспарланды.
Аудан мектептерінің 35 – сі 10 мбит/с жоғары жылдамдықтан интернетпен қамтамасыз етілді. 11 мектеп 20 мбит/с жоғары жылдамдықтан интернетпен қамтылған.
Ал, 10 мектептің интернеті 8 мбит/с төмен жылдамдықта. Алдағы уақытта бұл жылдамдығы төмен мектептерге антенналармен қамту, кең жолақты интернет кабельдерін жүргізу арқылы немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жолымен оптикалық кабельдерді төсеу жоспарланып отыр.
Мектептерге оқушыларды қабылдау еgov.kz, mektep.snation.kz порталдары және қағаз түрінде жүргізілді»,-дейді М.Серикбаев .
Ауданда орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру үшін оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған «Bilim Land» білім беру онлайн платформасы қамтамасыз етіліпті. Орта білім беру ұйымдары «BilimLand» білім беру платформасына – 100% қосылған.
Жаңа оқу жылына оқулықтар сатып алуға және тасымалдауға 304 млн 147 мың теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бүгінгі күні оқушылар 100 % оқулықпен қамтылған. М.Серікбаевтың сөзінше, 2-сыныптың оқулықтарын қайта басып шығару және 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары мен 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, оқу әдебиеттері сатып алынған.
Аудан бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 56 мектептің кітапханасын жаңғырту қолға алынған.
Білім беру ұйымдарындағы кітапханалар жанынан IТ жабдықтары бар Coworking – орталықтарын ашу қажет.
Білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда.
Бүгінгі күні, бөлімге қарасты оқу өндірістік комбинаты сақталып, оған аудан орталығындағы 6 мектептен 1310 оқушысы 6 мамандық бойынша алғашқы кәсіптік білім алуда.
Мектеп оқушылары алғашқы медициналық көмек, автокөлік ісі, аспаз, тігін ісі, жүк көлігі, трактор машинист мамандықтарын игеріп, куәлік алуда.
«Биылғы бағдарламада еңбек сабағына ерекше көңіл бөлінуде.
Елімізде талқыланып жатқан әрбір мектеп үшін кәсіптік бағдар беруші педагог лауазымын енгізу туралы ұсыныстарды толық қолдаймыз.
Жалпы орта мектептерде алғашқы кәсіби мамандықтарды сапалы оқыту үшін «Технология» пәнінің арнайы кабинеттерін жабдықтауға Облыстық бюджет есебінен қаржы бөлуді сұраймыз.
Өткен оқу жылында 11 сыныпты бітірушілердің 1233-і ҰБТ тапсырды.
Аудан бойынша 84 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері атанса, 125 оқушы «Үздік» аттестатпен бітірді. Аудан мектептерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш көрсеткен С.Торайғыров, Үлгілі, Қайсенов жалпы орта мектептерінің бітірген түлектері (70 -80 %) мемлекеттік грантқа ие болды»,-дейді М.Серикбаев.
2021-2022 оқу жылында аудандағы 5 білім беру ұйымдары PIRLS, PISA-2022, ICILS, TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысты.
Ауданның 221 білім алушысына зерттеу жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымымен зерделеніп, нәтижесі келесі жылы шығады. Оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,5% құрап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті (67,2%).
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобада 2022 жылы жыл соңына 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамту республика бойынша 84,1%, 3-6 жастағы балаларды 99,3% қамту межелеген. Бүгінгі таңда ауданда жалпы 109 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Оның 13-і мемлекеттік, 96-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйым. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 88 % жекеменшік. Алайда, жекеменшік секторды тексерудің уақытша тоқтатылуына және балабақша қызметінің лицензияланбауынан, жаңадан ашылған балабақшалар балаларға қолайлы жағдай жасалғаны, материалдық-техникалық жабдықталуы, білім беру сапасын арттыруда кадрларды іріктеу т.б мәселелер қадағаланып, тексерілмейді. Тексеруге уақытша тыйым салу шараларын кейбір кәсіпкерлер басқа мақсатта пайдаланып, қадағаламаудың салдарынан жекеменшік балабақшаларда педагогикалық білімі жоқ адамдардың жұмыс істеу фактілері көбейді. Жаңадан ашылған жекеменшік балабақша өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органға (облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті) Egov.kz порталы арқылы «Е-лицензия» сайтына кіріп алгоритм бойынша хабардар етуі тиіс. Онсыз балабақшалар министрліктің №122 бұйрығының 2-тармақ 10-тарауына сәйкес мемлекеттік тапсырыс алу конкурсына қатыса алмайды. Осындай кемшіліктерді ескере отырып, Министрлік сапа мәселесін бірінші орынға қойып, 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен лицензиялауды енгізуде. Балабақшаның жұмысы талапқа сай, заң шеңберінде жұмыс жасаса, онда еш қиындықсыз лицензия алады. Ал егер талапқа сай болмаса, оларды сәйкестендіру қажет. Биылғы оқу жылында балабақша педагогтерін біліктілік арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда.
Өзекті мәселе:
- Жекеменшік балабақшаларда кадрлардың сапасын тұрақтылығын сақтау.
- Тәрбиелеу мен оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын құру;
- Материалдық-техникалық базаны нығайту;
- Қазіргі заманауи ақпараттық құралдармен (компьютерлер, интерактивті панель, электронды материалдар, оқу-әдістемелік құралдар) қамтамасыз ету;
- Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарға арнайы әдістемелік көмек көрсету:
Шешу жолдары:
Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың жалақысын үкіметпен бекітілген нормативті құжатқа сәйкес тәрбиешілердің жалақысын төлеуді міндеттеу.
Биыл Мақтаарал ауданының білім беру саласына 25 млрд 813 млн теңге қаржы қаралып, 2021 жылмен салыстырғанда 2 млрд 182 млн теңгеге (9 %) артып отыр.
Білім мекемелерін 2022-2023 оқу жылына дайындау мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс заттарын (әк, краска, водоэмулсия, щетка т.б.) алу үшін 17 млн. 455 мың теңге қаржы қаралып, 49 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысанын (16 мектеп, 2 лагерь, 1 УПК) күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ-ға облыстық бюджеттен 18 млн. 245 мың теңге (қалған қаржы 2023 жылға өтпелі) қаржы қаралып, қазіргі таңда «Вибо-Строй» ЖШС тарапынан сметалық құжаттамаларын әзірлеу (замеры, топосъемка) жұмыстары жүргізілуде. 2022-2023 жаңа оқу жылына 71 білім беру мекемелерін гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстары жүргізілді. (56-мектеп, 13-мемлекеттік балабақша, 2-мектеп тыс мекемелер). Гидравликалық сығымдау барысында ақауы анықталған 14 нысанның ақауларын қалпына келтіру үшін 65 млн.теңге қаржы сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған.1. 56 мектептің: 33-і көмірмен, 23-і газбен, 1-еуі электрэнергиямен жылытылады. Қазіргі таңда, білім беру мекемелеріне жоспарланған 6240 тонна қатты отынның 3860 тоннасы ( 65%) тасымалданды (20 мектепке). Сонымен қатар 2 мектептің жылыту қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, 2 мектептің (И.Панфилов, №41 жом) жылыту қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыруға 21 млн. қаржы қаралды.
Жоғарыда аталған мәселелер, 2022-2023 жаңа оқу жылдарындағы жылыту маусымы басталғанға дейін тиісті жұмыстар аяқталатын болады.
Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу бойынша: Ауданда 1 қосымша білім беру мекемесі бар, онда 25 үйірмеге 1300 оқушы, ал, мектептегі үйірмелерге 21710 мың оқушы қамтылып отыр. Бұл аудан оқушыларының 80% құрап отыр. Демек ауданда әлі 20% оқушы қосымша біліммен қамтылмаған. Қосымша біліммен қамту үлесі 2021 жылы – 67,6% болса, биылғы жылы 80%-ды құрады. Бұл өз кезегінде оқушылардың үйірмемен толық қамтылуы үлкен мәселе болып отыр. Жоспарға сәйкес жылдың соңына дейін қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесін – 90%-ға жеткізу жоспарлануда. Аудандық полиция есебінде 2021 жылдың қорытындысымен 4 бала есепте тұр. (2020 жылы – 6).2021-2022 оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында 28098 оқушының ішінде 0,01 % бала ішкі істер бөлімінде есепте тұрды. Жайсыз отбасылар саны: 11 жанұя, 33 бала.
Аудандағы 11 ауылдық округтегі 56 білім беру мекемелерінде 14 полиция инспекторлары бекітіліп, жұмыс жүргізуде, бұл әрине жетіспейді. Алдағы уақытта, мектеп инспекторы штатын ұлғайтуды қажет етеді.
Ауданда «Балалар жылын өткізуге» арналған кешенді жоспар бекітіліп, түрлі 20-ге жуық іс-шаралар өткізілуде.
Аудан мектептерінде 56 ата-аналар комитеті жұмыс атқарады. Білім беру ұйымдарында отбасылық, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға тікелей ықпал ететін ата-аналармен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Білім беру мекемелерінде өңірлік «Бес терек» жобасы, аналар, әкелер, ақсақалдар кеңестері құрылып, отбасы құндылықтарын дамыту, жастарды отбасылық өмірге дайындау, ұлттық тәрбие беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оқушы — мұғалім, оқушы — ата — ана, мұғалім — ата — ана — адамгершілікке бағытталған тұлғааралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақтың жұмысын жүргізу. Бүгінгі күні білім беру ұйымдарында 140-тан астам ардагерлер, әкелер, тәлімгерлер кеңестері жұмыс жасауда.
Аудандағы барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз етілді.
«Қазіргі таңда: 56 мемлекеттік мектептің 37-сі бейнебақылау жүйелерін Полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылды, ал қалған 19-ын қосу жұмыстары жүргізілуде, осы бағдарламаға қосылған мектептер бұлтты сақтау технологиясымен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, аудан мектептеріне дабыл нүктесін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 5 мектепке (С.Мұқанов, Үкібаев, Береке, Тұрсын-Заде, Ғ.Мүсірепов) дабыл нүктесі орнатылды. Ағымдағы жылы осы мәселені толығымен мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде шешу жобасы қарастырылуд»,-деді ауданның бас ұстазы.
Оның сөзінше, ауданда 750 (6-18 жас) ерекше білім беруді қажет ететін балалар есепте тұрады.
Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 56 жалпы орта білім беру ұйымдары.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында 56 — дефектолог жұмыс істейді. «2022-2023 оқу жылының қарсаңында 44 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жартылай жетім -1000 балаға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының — 2600 баласына, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 1526 оқушыға және күн көріс деңгейі төмен отбасының – 1338 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарына, әр балаға 37389 теңге қаржы қаралып, жалпы 234 млн 243 мың теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Аталған қаржыны ата-аналардың есепшоттарына аудару жұмыстары жүргізілуде».
Өткен оқу жылында аудан мектептерінің 46-да асхана, ал 10-да буфет жұмыс істеді. Онда 28 мыңдай балаға ыстық және буфеттік тамақ ұйымдастырылды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы 1523 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
10 елді-мекеннен 550 баланы 8 микро автобустар тасымалдайды. Оқушылардың барлығы жеке кәсіпкерлер тарапынан тасымалданды.
«Ауданымызда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында педагогтердің портфолия құжаттары ситсен арқылы қабылданып, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар директорлардың тесттен өтуінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ustudy» компьютрлік тест орталығымен өткізілуде.
2021-2022 оқу жылында 3 директор аттестациядан өтуге өтініш беріп, оның 3-де (5,3%) оң нәтиже алды. Сонымен қатар 84 — директордың орынбасарлары аттестацияға өтініш беріп, оның 74-і оң нәтиже алды».
Осы аралықта 4 білім беру ұйымы басшыларының бос лауазымына конкурс жарияланып, 1-і ғана өтпеді, конкурстан өткен 3 – і білім беру ұйымына тағайындалды (5,3%).
Биыл 2 — білім беру ұйымының басшылары ротацияланды.
Аудандағы барлық білім беру ұйымдарына қызметкерлер мен педагогтер жұмысқа қабылдау jumys.snation.kz жүйесі арқылы жүргізілуде.
Осы уақытқа дейін, жүйе қызметі арқылы 70 мың-ға жуық бос жұмыс орындары жарияланып, 34 педагог, 10 лаборант, 26 тех персонал жұмысқа орналастырылды. Бұл жүйе жұмысы жалғасады.
М. Серикбаев биылғы оқу жылынағы жаңашылдыққа да тоқталды.
«Биылғы жаңа 2022-2023 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері:
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды
Анықтама:
Бір күнтізбелік жылда:
демалыс күндері-117
демалыс және мереке күндері — 75 күн оқу күндері-173
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде «Орыс тілі» пәні 2 сыныптан бастап оқытылады. Ал, шет тілі пәні 3 сыныптан оқытылады.
2) «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»
3) «Өзін-өзі тану» пәні үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен алынып тасталды.
4) 5-11 сыныптар аралығында «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсы оқытылады.
5) Ұлттық құндылықтарымыздың негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру талап етіледі.
6) Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде педагог-кәсіби бағдар берушілердің штат бірлігі енгізіледі.
7) «Тірек мектебі – магнитті мектептер» пилоттық жобасы өз жалғасын табады.
Мектептегі білім беру барысы, оқушылар мен ұстаздардың жағдайы, бағалау, бақылау және үй жұмыстары, ішкі құжат айналымы мен есеп-қисабы тіпті кітап пен оқулық айналымы цифрлы форматқа өтеді.
Биылғы оқу жылынан бастап, еліміздегі ең ірі цифрлы білім беру платформасы мен мемлекеттік жеке әріптестік негізінде тығыз жұмыс істейміз.
Осы әріптестік аясында барлық білім беру ұйымдарына:
- kz;
- kz;
- kz;
- OnlineMektep;
- Smartnation.kz;
- Smartnation.kz
- Smartnation.kz білім беру ресурстары тегін қосылады.