Мақтаарал ауданының әкімі Тәуелсіздік құрдастарына 100 бизнес-жоба ұсынды

Қашанда артылған сенім үдесінен шығып, ел болашағының бұдан да жақсаруына үлестерін қосып, аянбай еңбек етіп келе жатқан Тәуелсіздік құрдастарымен Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бастаған аудандық сот төрағасы, ҰҚК басшысы мен аудандық полиция бөлімінің, Ішкі саясат, спорт және мәдениет мекемелері басшылары мен ауданның бас имамы секілді аға буын өкілдері кездесіп, ашық-жарқын әңгімелесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Басқосу барысында билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айнала алатын жастармен кері байланыс арналарын орнату тәсілі арқылы жаңа «әлеуметтік лифт» қалыптастыруды қолға алып, адал, іскер жастардың корпусын қалыптастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы сөз болды.

Елдегі жаңа саяси мәдениеттің пішіндері мен іргетасының қалыптасуына өз септігін тигізе алатын, әлеуметтің әлеуетінің артуына, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына, жастар саясатының қарқынды жүзеге асуына еңбек етсем деген мақсатта алға талпынып жүрген жастардың сұрақтарына аға буын тарапынан жауаптар беріліп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жан-жақты жұмыстарды жандандырып, сан саланың үздіктерін ортаға топтастыру арқылы жүргізілген ашық сұхбат әлі де болса жастар арасында шешілуі тиісөзекті мәселелер айтылды.

 Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы және елдегі саяси тұрақтылықты сақтаудағы, өкілетті және атқарушы билік арасындағы іскерлікті арттыру мақсатындағы жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сұрақтарына жауап берілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай аға буын өкілдерінің 30 саланың 30 үздігімен кездесуі барысында жастардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін 100 бизнес-жобалары ұсынылып, естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, Жастар аллеясына көшеттер отырғызылды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

832 Comments

  1. Il est très difficile de lire les e-mails d’autres personnes sur l’ordinateur sans connaître le mot de passe. Mais même si Gmail offre une sécurité élevée, les gens savent comment pirater secrètement un compte Gmail. Nous partagerons quelques articles sur le cracking de Gmail, le piratage secret de n’importe quel compte Gmail sans en connaître un mot. https://www.xtmove.com/fr/how-to-hack-gmail-account-without-password-and-track-other-email/