Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясында ДТІЖО Досмугамбетова М.Б мен ҚББП ұйымдастыруымен
жоспар бойынша 9-10-11 сыныптар аралығында қыз балалар арасында қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты: Гигиеналық тазалық,ерте жүктілік, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу т.б мәселелер айтылды. Жиынға қыздар кеңесінің төрайымы, сынып жетекшілер, «Атакент» ауруханасының акушер-гинекологі Есимова Динара қатысты. Қыздарға гигиеналық тазалық жолдары туралы мәлімет беріп, сұхбат жүргізді. Адамдар ерте кезден- ақ өз денсаулығын күтіп, сақтауды білген. Денсаулық дегеніміз – адамның тәнің, жанның және рухани адамгершілігінің үйлесімділігі, оның басқа адамдармен мейірімді қарым- қатынасы. Міне сондықтанда жеке бас гигиенасына аса көніл бөлген жөн. Әр адамның жеке сүлгісі, тіс шөткесі, сабыны т. б. Көптеген нәрсені бөлек болуы тиіс. Жеке адам өз денесін таза, киімін ұқыпты, құралдарын дұрыс ұстауы қажет.
Жеке бас гигиенасы — бұл адамның жеке мүшелерін күтуде гигиеналық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білу т. б). Қолда, саусақтардың арасындағы қатпарларда, тырнақтардың астында микроптар көп мөлшерде жиналады. Сондықтан қолды тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, даладан келгенде үнемі жуу керек. Қолды, әсіресе, тырнақтардың астын, саусақтардың арасын сабындап жуған дұрыс,-деді қыздар кеңесінің төрайымы. Қыз пәктігі, қыз намысы, қыздық түсініктері өз манызын жоғалтқан жоқ. Мынау тіршілікте бәрі де бір- бірімен тығыз байланысты. Адам баласы дамудың балалық, жасөспірімдік, жастық, есею кезендерінен табиғи түрде әдемі өтуі тиіс. Қыз бойында ақыл- парасаттылық, сымбаттылық, тазалық болуы тиіс. Қыз бала сонымен әдемі,-деді гинеколог. Киім және аяқ киім гигиенасы. Таза теріге бактериялардың қонуы 10 минуттан кейін 85% азаятынын зерттеу нәтижелері көрсетті. Мынадай қорытынды шығады: таза дене Вывод прост: чистая кожа имеет бактерицидті заттарда өзінің қорғау қасиеттері бар, ал кір денеде олар бұл қасиеттен арылады. Көбінесе дененің ашық жерлері кірлеуге бейім. Әсіресе, көптеген микроорганизмдер тырнақ астында болады. Сондықтан оларды таза сақтау керек. Уақытында қысқарьып отыру қажет.
Дене тазалығын сақтаудың негізгі гигиеналық құралдары су мен сабын. Су жұмсақ және иіс сабын болғаны дұрыс. Теріңіздің қандай екенін ескеруді ұмытпаңыз. Жұмыстан кейін және ұйықтар алдында міндетті түрде душ қабылдаңыз. су температурасы 37-38 градус болуы керек. Осы тұста маман ерте жүктіліктің зиянды тұстары мен салдары туралы кеңінен мәлімет берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (www.who.int) мәліметінше, табыс деңгейі төмен елдерде жыл сайын 15-19 жас аралығындағы 16 миллион, 15 жасқа дейінгі бір миллион қыз ана атанады екен. Әлемде 15-19 жас аралығындағы қыздардың өліміне себепші екінші фактор – аяғы ауыр кездегі асқыну мен туу болып отыр. Жыл сайын 15-19 жас аралығындағы үш миллион қыз абортқа жүгінеді. Сонымен қатар, жасөспірім-аналардың сәбилері жиі шетінеп кетеді,-деп бастады әігімесін гинеколог. Елдегі жағдай да көңілкөншітпейді. Яғни біздің елде де мектеп қабырғасында оқитын қыздардың жүкті болу оқиғасы жиі тіркелуде, жасанды түсікке жүгінгендер де бар. Мектеп қабырғасында оқитын қыздардың жүкті болу оқиғасы тіркелсе, соның 3500-і жасанды түсікке жүгінген.
Кәмелет жасқа толмаған жеткіншекті сексуалды қарым-қатынасқа тарту, зорлық-зомбылық көрсету заңды түре қылмыстық жазаға тартылады. «ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабына сәйкес, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау бойынша:
- Көpiнеy oн aлты жacқa тoлмaғaн aдaммен жыныcтық қaтынac, еpкек пен еpкектiң жыныcтық қaтынacын, әйел мен әйелдiң жыныcтық қaтынacын немеcе cекcyaлдық cипaттaғы өзге де әpекеттеp жacay – беc жылғa дейiнгi меpзiмге бac бocтaндығын шектеyге не coл меpзiмге бac бocтaндығынaн aйыpyғa жaзaлaнaды.
- Oн aлты жacқa тoлмaғaн aдaмғa қaтыcты aтa-aнacы, өгей әкеci, өгей шешеci, педaгoг не oны тәpбиелеy жөнiндегi мiндеттеp Қaзaқcтaн Pеcпyбликacының зaңымен жүктелген өзге aдaм жacaғaн дәл coл ic-әpекеттеp –белгiлi бip лayaзымдapды aтқapy немеcе белгiлi бip қызметпен aйнaлыcy құқығынaн өмip бoйынa aйыpa oтыpып, жетi жылдaн oн жылғa дейiнгi меpзiмге бac бocтaндығынaн aйыpyғa жaзaлaнaды.
- Ocы бaптың бipiншi немеcе екiншi бөлiктеpiнде көзделген, бipнеше pет жacaлғaн ic-әpекеттеp – белгiлi бip лayaзымдapды aтқapy немеcе белгiлi бip қызметпен aйнaлыcy құқығынaн өмip бoйынa aйыpa oтыpып, oн жылдaн oн беc жылғa дейiнгi меpзiмге бac бocтaндығынaн aйыpyғa жaзaлaнaды.
Бұдан былай осы санаттағы қылмыстарды жасағандарға қатысты шартты түрде соттау, шартты түрде түрме мерзімінен бұрын босату шаралары қолданылмайды. ҚР ҚК-нің 67 бабына сәйкес тараптар татуласса да қылмыстық істер қысқартылмайды. Ал зорлық зомбылық көрсету ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабының 3-1 бөлігіне сәйкес, 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады» – дейді заңгер, қорғаушы Әлімжан Жұбатқанов.
Сондай-ақ, заңгердің айтуынша некеге тұру осындай жағдайларға тап болған қыздар үшін 16 жастан бастап заңды деп есептеледі.