
Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.
➤ Негізгі көрсеткіштер:
көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен;
Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 миллион тоннаны құрады (өсім – 62%);
12 мың шақырым жол жөнделді;
Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды.
➤ Авиация және әуежайлар:
Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды;
отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%);
әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген (14% артқан);
биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр;
Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.
➤ Теміржол секторы:
21 миллион жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%);
125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады;
5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді;
Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді;
Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды;
ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді;
көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.