Мұрат Әйтенов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты

Шымкент: Әуежайдағы жолаушылар терминалының бірінші кезеңі толығымен аяқталды.


Бүгінгі таңда, жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалып отыр. Ал, жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Қасбеттік жүйелерді монтаждауды аяқтау 2021 жылғы 15 маусымға жоспарланған. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалының құрылысын орындаудың жалпы пайыздық көрсеткіші 60%-ды құрауда.

Одан бөлек әкімге әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн. теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал, жобалық құны 1,7 млрд.теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны аяқтау ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына жоспарланған.

Бұдан басқа инженерлік желілерді салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, аталған желілерді салуды 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 561748 70984An interesting discussion is worth comment. I do think that you ought to write read a lot more about this topic, it will not be considered a taboo topic but typically every person is too few to communicate in on such topics. To another. Cheers 299732

  2. 2371 587264After study a few of the weblog posts on your personal site now, we actually like your way of blogging. I bookmarked it to my bookmark internet internet site list and are checking back soon. Pls consider my web-site likewise and make me aware should you agree. 417408

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.