МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «AMANAT» партиясының Фракция мүшесі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы Сауран ауданында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында арнайы іс-сапармен келді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «AMANAT» партиясының Фракция мүшесі Ж. Сүлейменова мен облыстық мәслихатының депутаты Қ.Жантөреева, Сауран ауданының әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ғ.Рысбеков «AMANAT» партиясының Жол картасы аясында, Сауран ауданы,Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан 300 орындық мектеп құрылысының жұмысымен танысты.

Сауран ауданы аумағында жалпы 45 мектеп бар. Оның 42 мектеп мемлекеттік болса 3 мектеп жеке меншік, қазіргі таңда 23 461 оқушы білім алады.

Сауран ауданы аумағында 16 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл өңірде 6 мектепке жөндеу жұмыстарын жасау үшін ЖСҚ-сы ағымдағы жылы дайындалады.

Білім ұясының құрылыс жұмыстарымен аудан әкімі Ғани Рысбеков таныстырды.

ҚР Мәжіліс депутатын, Қосмезгіл елді мекенінде салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысына, жұмысқа жергілікті адамдардың тартылғандығы, құрылыс жұмыстарының өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны және құрылыс нысанындағы жұмысшылардың арнайы жұмыс киімдерімен қамтылғаны, жұмысшыларға жұмыс істеуге тиісті жағдайлардың жасалғаны қуантты.

Сонымен қатар, Аудан әкімі Ғ.Рысбеков құрылыстың сапалы болуы басты мәселе екендігін айта келе, құрылыстың жалпы көлемі 8094,42 м/2 құрайтындығын және 1 миллиард 181 млн теңге бөлінгендігін жеткізді.

Мердігер ЖШС “Азия”-RC компания өкілінің айтуынша құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылда аяқтап, нысанды тапсыру жоспарланғандығын жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.