МӘМС: Қор филиалының қызметкерлері халықпен кездесті

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері бүгін Абай ауданының тұрғындармен кездесті. Қор филиалының халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Ахмет Беден халықпен кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді медициналық көмек түрлері мен мүмкіндіктері жайлы кеңінен баяндады.

Жиын барысында медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеру, жарна көлемі мен басқа маңызды мәліметтер туралы түсіндірілді.

Жалпы, қазіргі таңда Шымкентте 935 230 қала тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде 700 мыңнан астам азаматтың жарнасы мемлекет тарапынан қаржыландырылады. 308 676 адам сақтандырылмаған.

Филиал қызметкерлері тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен медицина саласы туралы ақпараттық-насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айта кетейік, Соңғы 3 жылда елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу есебінен мемлекеттік бюджеттен тыс медициналық көмек көрсетуге 2,5 трлн теңгеден астам қаражат бағытталды, бұл медициналық көмекті қаржыландыруды 2,5 есе арттырды! 

Сақтандыру қаражаты пациенттерге қымбат тұратын тексерулер мен операцияларды қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Кардио және нейрохирургияны, ЭКҰ, трансплантологияны қаржыландыру 3,5 есе артты. Медициналық оңалтуға және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат көлемі 12,5 есе өсті.

Азаматтарымыз жоғары білікті медициналық көмек ала алады, отбасылық бюджетке үлкен шығындар түседі деп алаңдамайды.

Сақтандырылған әр азамат керек кезде төлейтін жарна төлеміне қарамастан,  барлық медициналық көмекті алуға құқылы. Қарапайым дәрігерлік кеңестен бастап, жоғары технологиялық көмек, узи, қымбат бағалы КТ,МРТ сынды медициналық көмекті ала алады. Естеріңізде болса, КТ, МРТ сынды қымбат медициналық диагностикалық қызметтер 2020 жылға дейін әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ғана  тегін көрсетілген. Бүгінде  барлық сақтандырылған азаматтарға ақысыз негізде қол жетімді. Яғни, МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласы екі көзден  қаржыландырылып, бірінші кезекте қарапайым халықтың медициналық көмек алуда көп мүмкіндіктері пайда болды. Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дерегінде жеткізуші болып табылатын 22 медициналық мекеме КТ, 17 мекеме МРТ және 36 медициналық ұйым сандық  рентгенография қызметін көрсетеді. Сақтандырылмаған азаматтар да медициналық көмексіз қалған жоқ.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде науқастарға шұғыл  жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиация; амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, шұғыл жағдайда көрсетілетін қызметтер, әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулардың диагностикасы және емдеу; стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету түрлері көрсетілуде.

Осы жылдар ішінде МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін жеке медициналық қызмет жеткізушілерінің үлесі 64%-ға дейін өсті.

Шымкентте 189 медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді. Оның 34-і мемлекеттік, 155-сі жекеменшік медициналық ұйымдар.

Еңбастысы халықтың таңдау құқығы бар.  

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin