
Бүгін Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында депутаттар Еркебұлан Мәмбетов, Жигули Дайрабаев, Айдарбек Қожаназаров, Ислам Сұңқар, Ғалымжан Елеуов, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек және бір топ министрлік өкілдері болды.
Сапар аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Ордабасы, Сайрам, Сауран аудандарындағы жылыжай кешені мен мал бордақылау алаңдарының, өндіріс орындарының жұмысымен, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары, жаңбырлатып суару жүйесі, Түркістан магистральды каналының жұмысымен таныстырды.
Халық қалаулылары Бадам ауылдық округінде орналасқан “Аделя” өндірістік жылыжай кешенінің және “Бөрте милка” серіктестігінің жұмысымен танысты.
Аталған өндірістік жылыжайда еліміздегі жылыжайлардың, оның ішінде ірілерін гектарына қарай субсидиялау, жылыжай шаруашылықтарына электр энергиясының, табиғи газ бен көмірдің бағасын реттеу мәселелері кең талқыға түсті. Бірқатар ұсыныстар айтылды. Олар бойынша депутаттар тиісті министрлікпен бірлесіп, алдағы уақытта ұтымды шешім қабылдайтындықтарын жеткізді.
Ал, “Бөрте милка” серіктестігінде болған Мәжіліс депутаттары заманауи үлгіде жабдықталған, сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіріп отырған ферманың жұмысына таңданыстарын білдіріп, өзге өңірлерге үлгілі жоба екенін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көкөніс шаруашылығы саласының және суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері бойынша көшпелі отырысы шеңберінде Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев бастаған делегация Сайрам ауданындағы «DALA FRUIT.KZ» және «Nurym Group» ЖШС-тері кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Ертең, 12 мамырда Мәжіліс комитеті Түркістанда көкөніс шаруашылығы саласы мен суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізеді.
Онда депутаттар орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, салалық бірлестіктердің өкілдерімен елімізде көкөніс шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағын, суармалы егіншілік мәселелерін талқылайды.
Отырыс барысында ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етудегі өңірлік ерекшеліктер мен тежеуші факторлар, сондай-ақ саланың басқа да өзекті мәселелері қаралады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
541458 823348I came across this excellent from you out of sheer luck and never think lucky enough to say also credit you for any job nicely done. 855290
761320 48998Your article is truly informative. Far more than that, it??s engaging, compelling and well-written. I would desire to see even much more of these types of fantastic writing. 945029
238577 762388Keep websiteing stuff like this I actually am fond of it 409365
681186 60824I want reading through and I conceive this internet site got some genuinely utilitarian stuff on it! . 496408