Мәжіліс депутаты — Созақта

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Абасов Қайнар Бегалыұлы Созақ ауданында арнайы іссапарда болды.


Алдымен Қайнар Бегалыұлы «Nur Otan» партиясының Созақ аудандық филиалында аудан азаматтарын толғандырған мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар мемлекеттік қызметкерлердің жалақасын есептеудің жаңа тәртібі, бірінші кезекте қажетті болып табылатын азық-түлік бағаларының реттелуі, т.б. мәселелерін алға қойды. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты заңнамалар бойынша түсініктемелер беріп, бірқатар мәселелерді тиісті органдармен бірлесіп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Мұнан соң халық қалаулысы партияның Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжановпен бірге бірнеше нысанды аралады. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Созақ аудандық филиалында ауданның жеке кәсіпкерлері және шаруақожалық иелерімен кездесу өткізді. Қ.Абасов Мәжілістегі аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ретінде дөңгелек үстелде ауылшаруашылығына байланысты мемлекеттік бағдарламаларда болып жатқан соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды түсіндірді. Осы тұрғыда жиынға қатысушылар депутатқа сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Созақ ауданының индустриалық аймағында орналасқан күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін «ЮКСЭС-50» ЖШС жұмысымен танысқан депутат еліміз үшін мұндай кәсіпорындардың маңызы үлкен және оларға қолдау үнемі толастамақ емес екендігін жеткізді. Атап өтейік, аталған серіктестік қуаттылығы 50 МВ энергия өндіріп отыр, онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.