ОРДАБАСЫЛЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

2022 жылдың 26 тамыз күні Ордабасы ауданы білім саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы аудандық тамыз кеңесі өткізілді. Дәстүрлі Тамыз кеңесіне аудан әкімі Н.Бадырақов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы М.Қилыбаева, маслихат хатшысы Қ.Әбдіхалық, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Б.Исабек және аудан мектептерінің төрт жүзге жуық педагогтары қатысты. Тамыз кеңесін аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы ашып берді. Кеңесте аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева «Жаңа Қазақстанның білім саласындағы жаңалықтары мен өзгерістері» тақырыбында баяндама жасап, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне толық тоқталып өтті. Іс шара аясында оқушылардың арасында өнертапқыш , роботехникалық модельдер көрмесі өткізілді. Іс шара жыл үздіктерін марапаттаумен қорытындыланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.