Ордабасы: «Алтын күз» мерекесі болып өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балдырған» бөбекжай балабақшасы МКҚК- да 06-07 қазанда топтар арасында «Алтын күз» мерекесі болып өтті. Негізгі мақсатымыз: күз- молшылық, күз-байлық, күз-береке екенін, қамбалар астыққа, айнала мол жеміс- жидекке толатынын білгізу. Балаларға жақсы көңіл- күй сыйлау, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек етуге тәрбиелеу. Балалар әдемі безендірілген залда «Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз» дей отырып, ата- аналары мен қонақтарға жас ерекшеліктеріне қарай өз өнерлерін көрсетті. Ортаңғы топ балалары орманшы атаға жапырақтарды жинауға көмектесті. Ересек топ балалары әндерімен тамсандырды. Мад тобы балалары ұйқыдағы күз ханшайымын оятып алып, көңіл көтеріп биледі. » Алма» ертегісі желісімен өз рөлдерін сомдап, соңында алманы бәрі келісе отырып бөлісіп алады. Іс — шараға риза болған ата — аналар өз алғыстарын білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.