
Бүгін Отырар ауданы әкімі Әбдіғали Жүнісов Қоғам, Қарғалы ауылдық округтерінде болып, ауылды ағын сумен қамтамасыз ететін Д.Алтынбеков каналын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Ағын судың тапшылығы Қарғалы, Отырар елді мекендеріндегі шаруалардың көптен бергі көтеріп келе жатқан мәселесі болатын. Әсіресе шілде-тамыз айларында жоғарыдан келетін ағын судың төмен қарай жүруіне ұйық-шөгінділердің жиналуы кедергі келтіріп, қиындықтар туғызып келген. Аталған мәселелерді мүмкіндігінше шешу мақсатында ағымдағы жылы Д.Алтынбеков каналының Қарғалы-Отырар елдімекендері тұсындағы 2 шақырымы ұйық-шөгінділерден тазаланса, бүгін міне 1 шақырым айналма каналды қазу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар аудан басшысы каналдың су өткізу қабілеті төмендеген 1 шақырымға жуық бөлігінен ағын суды кедергісіз өткізу мақсатында «Қазсушар» РМК-ы тарапынан қазылып жатқан айналма каналдың және Сырдария өзенінің кері тепкісінен Д.Алтынбеков каналына қосымша су беретін «Қызыл-Ту» насос станциясындағы 4-дана СНП-500 электрлі насостарын орналастыру жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан әкімі Әбдіғали Айтжанұлы тиісті сала мамандарына соңғы жылдары орын алып отырған су тапшылығын ескере отырып, келген суды тиімді, ысырапсыз пайдалану мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырып, аталған мәселе өзінің тікелей бақылауында болатындығын ескертті.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
316748 577740Wow, cool post. Id like to write like this too — taking time and real effort to make a good article but I procrastinate too considerably and never appear to get started. Thanks though. 468791
619128 97578Perfectly indited content , thanks for selective information . 953033
285628 388413Good read, I just passed this onto a colleague who was doing a bit research on that. And he just bought me lunch since I discovered it for him smile So let me rephrase that: Thank you for lunch! 575592