«Парасатты Қазақстан» қоғамдық бірлестігі Төлеби ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауында болды

Жуырда ғана заңды тұлға ретінде тіркелген «Парасатты Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың қоғамдық қабылдауында болды.


Кездесу аудандық әкімшіліктің ғимаратында санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарының толық сақталуында өтті. Бірлестіктің алдағы жұмыс жоспары жайлы әкімге отставкадағы генерал Ақжігіт Исабеков қысқаша баяндады, ал бірлестіктің төрағасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бекайдар Тойлыбаев өз мүшелерін аудан әкіміне таныстырды. Осы жолдардың авторы болса бірлестіктің мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру, құқықтық қажеттілігін өтеу және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін ҚР азаматтарының ерікті бірлестігі болып танылатындығын жеткізді. Аудандық әкімдікпен мемлекеттік биліктің мәртебесі мен абыройы жолында қоғамның саяси өміріне тізе біріктіре жұмыс атқаруға ынталылық білдіретіндіктері туралы қөзқарастарын айтты.

«Парасатты Қазақстан» қоғамдық бірлестігіне ауданның тұрғындары да өз қызығушылықтарын танытып, қолдау күтуде екендігі бірлестік мүшелерін бей-жай қалдырмағандығын айта кету керек. Оның ішінде, ауданға танымал әйел журналисттің өрескел бұзылған құқылары мен өзге ұлт өкілі қарт кейуананың ауылдық округ әкіміне қатысты шағымдарының түпкілікті заңды шешім алынбастан қасақана созбалаңға салынулары жергілікті билікке ешқандай бедел әкелмесі аудан әкімі алдында тарқатылып, бұл мәселелер бойынша аудан әкімінен заң талаптарына сай тиісті қорытынды алу сұралды.

Аудан Әкімі Төлеген Телғараев аталған бірлестікке ықыласты қолдау көрсетіп, қоғамның саяси өміріне бірге қатысуға шақырып, қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелерді зерделеп, хабардар ететін болды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.