Париж олимпиадасына қатысатын Түркістан облысының су спорты шеберлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған спортшыларды қабылдап, оларға құрмет көрсетіп, сыйақы тапсырып, төртжылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындарында үкілеген үмітті ақтауларына сенім білдірді.

Ұлттық құрама сапында Түркістан өңірінен Олимпиада және Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын бес спортшы бар.

Олардың қатарында байдарка мен каноэда есушілер – Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий, академиялық есуден Владислав Яковлев, параканоеден Бибарыс Спатай мен Жаңыл Балтабаева сынды талантты сайыпқырандарға мол сенім артылып отыр. Түркістан облысында су спорт түрлері қарқынды даму үстінде. Халықаралық деңгейдегі додаларда жерлестеріміздің қоржыны жүлделермен толығуда.

Айта кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. 10 күннен кейін алауы жанатын Олимпиада ойындарында қазақ спортшыларының бағы жанып, жүлделермен қуантады деген сенім бар.

Еске салайық, бұл ойынның тарихы 1954 жылдан басталды. Гурьев қаласына (қазіргі Атырау) Днепропетровск физкультура институтының түлегі Владимир Светочев келген. 1955 жылы Гурьев қаласында алғаш рет Қазақстанның біріншілігі ресми жарысы өткізілді. 1956 жылы Қазақстандық спортшылар СССР халықтарының Бірінші спартакиадасына қатысты. СССР халықтарының Екінші спартакиадасында 10 000 метр дистанцияда Неулыбин Константин үшінші жүрделі орынды алды. 1967 жылы байдаркада есуші Владимир Образцов 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Келесі жылдары  Қазақстан спортшылары  көптеген халықаралық, сонымен қатар Азия ойындарына қатысты.
Байдаркада және каноэда есу – тиісті қайықта жарысатын ескекті спорт түрі. Байдарка және каноэ суда жылжуға арналған құрал ретінде адамдарға есте қалмаған кезден бері қызмет еткен.
Есу спорттың түрі ретінде 18-ші ғасырдың соңында, Еуропадағы өзендер мен көлдердің жағасында көптеген ескек  базалары  пайда болған кезден туған.
ХIХ ғасырдың ортасында осы спорт түрінен жарыстар өткізіле бастады. ХIХ ғасырдың 60-шы жылдары Шотландия мен Англияда байдаркада есушілердің алғашқы клубтары негізін қалаған. Одан кейін осы сияқты клубтар Швецияда, Норвегияда, Данияда және Еуропаның басқа да елдерінде, 70-ші жылдардың басында АҚШ-та пайда болған. Осы клубтарда жәйлап-жәйлеп байдаркада есумен қатар каноэда да есу өркендей бастады.
XIX ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында  әртүрлі елдердің есу клубтарының спортшыларының арасында халықаралық жарыстар өткізіле бастады. 1924 жылы Копенгагенде  Халықаралық каноэ – ИРК өкілдігі негізін қалады, ол өзіне ескек спорты бойынша халықаралық жарыстарды ұйымдастыруды өз мойнына алды.
1946 жылы ИРК  ICF (ИКФ) – Халықаралық каноэ  және байдаркадағы есу федерациясы болып атын өзгертті, 2000 жылға қарағанда әлемнің 150 астам елін біріктіреді.
1933 жылы  ИКФ  Прагада Европаның бірінші чемпионатын, ал 1939 жылы Швецияның Ваксхольм қаласында  әлемнің  бірінші чемпионатын өткізді.
Байдарка және каноэда есуден жарыстар Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1936 жылы  Берлинде  XI Олимпиадада  енгізілген. Бағдарламаға жалғыздан және екеуден тұратын ерлер экипаждарының жарыстары кірді. Әйелдердің байдаркадағы жарыстары  бірінші рет Дондон қаласында 1948 жылы XIV Олимпияда ойындарында өткізілді.
Қайықтардың Олимпиадалық кластары – жалғыздан, екеуден және төртеуден; каноэ –жалғыздан және екеуден.
Есу каналы –  ескекті спорт бойынша жаттығулар мен жарыстарға  арналған жасанды су қоймасы.Ені 200 метрге дейін, есу жолдарына арналған негізгі су 125 метр және 75 метр – қайтарлық. Ұзындығы шамамен 4000 метр, негізгі су – 2200 метр, тереңдігі 2 метрден кем болмайды.

Байдаркада және каноэда есу — бұл спорттың ескекті түрі, мұнда қайықтың екі түрі: байдарка және каноэ пайдаланылады. 1936 жылданн бастап спорттың олимпиаданың спорттық түрі (алғаш рет 1924 жылы Олимпияда ойындарының бейресми түрі ретінде ұсынылған болатын) болып саналады. Байдаркада және каноэда есуден (немесе «тегіс суда» есу) басқа қайықтардың осы түрлерін пайдаланатын басқа көптеген түрлері бар.

«Тегіс суда» байдаркамен есу (ағылш. Flatwater Kayak), олимпиадалық ойын түрі: 16 наградалар жиынтығы: 12 каналда «тегіс» есу (3 каноэда ерлер, 5  байдаркада ерлер және 4  байдаркада әйелдер) және 4 еспеслаломда (2  байдаркадағы ерлерде, 1 каноэда ерлер және1  байдаркада әйелдер).

Байдарка және каноэда есу

 
Б-1, 200 м   ерлер   әйелдер
Б-1, 500 м       әйелдер
Б-1, 1000 м   ерлер    
Б-2, 200 м   ерлер    
Б-2, 500 м       әйелдер
Б-2, 1000 м   ерлер    
Б-4, 500 м       әйелдер
Б-4, 1000 м   ерлер    
К-1, 200 м   ерлер    
К-1, 1000 м   ерлер    
К-2, 1000 м   ерлер    

Байдаркалар
Ерлер мен әйелдер қатысады.
«Тегіс суда» байдаркада есу (ағылш. Flat water Kayak), олимпиялық ойын тәртібі:

  • K-1 200 м (байдарка — жалғыз), ерлер
  • К-2 200 м (байдарка — екеуден), ерлер
  • К-1 1000 м (байдарка — жалғыз), ерлер
  • К-2 1000 м (байдарка — екеуден), ерлер
  • К-4 1000 м (байдарка — төртеуден), ерлер
  • К-1 200 м (байдарка — жалғыз), ерлер
  • К-1 500 м (байдарка — жалғыз), ерлер
  • К-2 500 м (байдарка — екеуден), әйелдер
  • к-4 500 м (байдарка — төртеуден), әйелдер

Каноэ
Континенттер мен әлем чемпионаттарында әйелдер де, ерлер де қатысады, олимпияланың бағдарламасына ерлердің және әйелдердің ойын тәртіптері кіреді:
«Тегіс судағы» каноэда есу  (ағылш. Flat water Canoe), олимпиядалық ойын тәртіптері:

  • C-1 1000 м (каноэ — жалғыздан, салмағы — 14 кг, ұзындығы — 520 см);
  • C-1 200 м (каноэ — жалғыздан, салмағы — 14 кг, ұзындығы — 520 см);
  • C-2 1000 м (каноэ — екеуден, салмағы — 20 кг, ұзындығы — 650 см).

Түркістан облысының балуандары «Дала қырандары» республикалық турнирінде топ жарды

Орайы келгенде атап өтер тағы бір жағымды жаңалық, Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Айтулы күрес бәсекесіне еліміздің түпкір-түпкірінен іріктелген кіл мықтылар қатысып, өзара жеңімпазды анықтады.

Түркістан облысының балуандары 5 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық 1-орынды иеленіп, өңір мерейін асқақтатып қайтты. Айта кетейік, республикалық додаға облыстан жалпы 36 спортшы қатысып, 25-і жүлдемен оралды. Сондай-ақ қазақ күресінің қыр-сырын жақсы меңгерген жерлесіміз Ернұр Амирбек 65 келіде топ жарып, турнирдік үздігі атанды. Оны ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың өзі марапаттап, жетістіктер тіледі. Осылайша, Айдос Сералиев шәкірттері республикада көш басында екенін дәлелдеп, туған жерге оралды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin