Парламент Мәжілісінің депутаты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Осы аптаның дүйсенбісінде ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Руслан Берденов — Шымкент қаласының тумасы, 1985 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. 2006 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

39 жасар азаматтың мемлекеттік қызмет пен бизнесті мол тәжірибесі бар.

Қазақ, ағылшын, орыс, түрік, әзірбайжан тілдерінде еркін сөйлейді.

Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар» тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.

2007 жылғы ақпан-2010 жылғы шілде — Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.

2010 жылғы шілде-2012 жылғы қараша – «Eastcomtrans» ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.

2012 жылғы қараша-2018 жылғы мамыр – «Ақ ниет» ЖШС Бас директоры.

2018 жылғы қараша-2019 жылғы сәуір – «Ақ ниет» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.

2019 жылғы сәуір-2023 жылғы наурыз – «Aq niet Group» Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары.

2023 жылғы 29 наурыздан бастап – «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2022 жылы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы ерекше жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді.

Ал бүгін «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Руслан Берденовтің депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды.  

Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылданды. Өкілеттігін тоқтату туралы шешім дауыс беру арқылы қабылданды – 92 депутаттың 90-ы «қарсы емеспін» деп дауыс берді.  Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Берденовке алғыс хат табыстады.

 «ҚР  Парламенті Мәжілісіндегі қызметім бүгін өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге, шын мәнінде, елдің игілігі үшін қаншама үлкен сұрақтарды көтеріп, күресіп, соңына жетіп, көпшілік мәселелерді талқыладық. Елдің тарихындағы  ең белсенді депутаттар шақырылымы болды. Шын мәнінде, екі жыл ішінде айтқан сөздерімді орындауға тырыстым. Әйтеке би айтқандай «Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі». Біз де өмірімізді  қазіргі таңда өңірге арнаймыз», — деді Р.Берденов.

 ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов Руслан Берденовтің Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын мәлім етті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin