«Мектепке жол» республикалық акциясы Сайрам ауданында жүзеге асуда.
Бұл акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.
Аталған акция аясында Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактарды Ақсукент ауылдық округіндегі 60 балаға үлестіріп берді.
Игі іс-шараның ұйымдастырушылары мен Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері және волонтер жастары ата-аналар және балалар алғысына бөленді.