САЙРАМ: ҰСТАЗ-ДАР МАРАПАТ-ТАЛДЫ

Республика күні мерекесі қарсаңында Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының ерен еңбектерімен еліміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, бала тәрбиелеу, кемелдендіру мақсатында еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар Оқу-ағарту министрлігінің, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Білім беруді дамыту орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбдірахымұлы табыстады.

Жиында сөз сөйлеген адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбдірахымұлы ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. «Құрметті ұстаздар! Сіздерді алдағы келе жатқан еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін танытатын, мемлекеттің құрылу тарихын сипаттайтын күн. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелердің күнтізбесіне ұлттық мереке болып енгізілуін ұсынды. Республика аумағында, оның ішінде ауданымызда Республика күні мерекесінің маңызы мен тарихына арналған іс-шаралар кеңінен аталып өтуде. Осы айтулы мереке қарсаңында еңбектеріңіздің еленіп, марапат иелері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!».

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.