Сарыағаш білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен дастүрлі Тамыз кеңесіне аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Ә.Тастанбеков, және БАҚ өкілдері қатысты.
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы кеңесте бөлім басшысы Даулет Анасұлы білім саласына қатысты баяндама жасады. 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы міндеттер туралы атап өтті.
Жиын соңында өткен оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген озат педагогтар мен ардагер ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.