2022 жылдың 4 қараша күні Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік десант барысында орталықтың әдіскерлері:
-«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыттары», «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары», «Заманауи білім беру кеңістігіндегі цифрлық сауаттылық», «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер», «Бастауыш сыныпта білім сапасын арттыруда өз бетімен дами алатын оқушыларды жетелеу мақсатында мұғалімге бағыт-бағдар беру, білімдерін жетілдіру», «Олқылықтарды жою мәселесі бойынша тиімді бағыт беру», «Информатика пәнінен таңдау курстарын оқытудың ерекшеліктері», «Тарих пәнінен тапсырмаларға дискрипторлар құру, тапсырманың мазмұнына сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу», «Химия пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы білім сапасын арттыру», «Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында қолдану», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы –ұйымдастырушыларына ІТ – сауаттылығын үйрету жолдарының әдістемесі», «Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың келешек мамандық тандаудағы қызуғышылығын анықтау және кеңес беру жұмыстары», «Білім-тәрбие беру процесінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушының қабілеттерін арттыру психологиясы», «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық мамандықтар бойынша білім берудің және тәрбиелеудің технологияларын тиімді пайдалану» тақырыптарда ақпараттық семинары, әдістемелік көмек, әдістемелік кеңес жүргізілді.
-Жиын қорытындысында орталықтың әдіскерлері дөңгелек үстел өткізіп, әдістемелік десант бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Excellent web site. Lots of useful info here. I’m
sending it to several friends ans additionally sharing in delicious.
And naturally, thank you to your effort!