САРЫАҒАШ: «Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын кешенді пайдалану» тақырыбында әдістемелік десант өтті

2-4 қараша аралығында Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын кешенді пайдалану» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Іс шара аудан көлемінде әдіскерлердің, педагогтердің шығармашылық, инновациялық жұмыстарының әдістемесін жетілдіру, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру бойынша әдістемелік көмек беру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілердің ӘБ жетекшілері, бастауыш сынып педагогтері, ағылшын, өзбек, тәжік тілі пәні мұғалімдері, информатика пәні мұғалімдері, тарих пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері, химия пәні мұғалімдері, математика пәні мұғалімдері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері, дефектолог, логопед, дамыту-түзету сыныбының жетекшілері, педагог-психологтары және ТжКББ ұйымдарының жас педагогтері, әдіскерлері қатысты.

Шарада орталықтың әдіскерлері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыттары», «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары», «Заманауи білім беру кеңістігіндегі цифрлық сауаттылық», «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер», «Бастауыш сыныпта білім сапасын арттыруда өз бетімен дами алатын оқушыларды жетелеу мақсатында мұғалімге бағыт-бағдар беру, білімдерін жетілдіру», «Олқылықтарды жою мәселесі бойынша тиімді бағыт беру», «Информатика пәнінен таңдау курстарын оқытудың ерекшеліктері» тақырыптарында әдістемелік кеңес жүргізілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 188250 191113Thanks for your time so much for your impressive and incredible guide. I will not be reluctant to endorse your web sites to any individual who ought to receive direction on this dilemma. 308717

  2. 496818 543030Any person several opportune pieces, it comes surely, as effectively as you bring in crave of various the several other types of hikers close to you with hard part your question. pre owned awnings 636831

  3. 485724 133289This site is typically a walk-through you discover the details it suited you about this and didnt know who need to have to. Glimpse here, and you will undoubtedly discover it. 949161

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.