САРЫАҒАШ: «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау» тақырыбында тәжірибелік іс-шара өтті

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау — бүгінгі таңда білім саласында өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі.

17 қазан күні Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау» тақырыбында облыстық тәжірибелік іс-шара өтті.

Жиынға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының» орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Бопиева Гулнара бастаған 17 ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жалпы саны 70-тен астам қатысушылар қатысты.

Шара бағдарламасы заманауи үлгіде жасалып, қатысушыларды тіркеу, кері байланыс жасау QR код арқылы жүргізілді. Бағдарламаға сәйкес семинардың тақырыбы аясында 6 спикер (мұғалім) тәжірибелік сабақ, 2 спикер шебер сыныптар және мектептің бірқатар мұғалімдері оқушылардың қатысуымен әдеби-музыкалық композиция дайындап, кеш мұғалімдер хорымен аяқталды.

Іс-шара жұмысының қорытындысында қатысушылар спикерлердің кәсіби шеберлігін, оқушылардың белсенділігін, сөйлеу мәдениетін жоғары бағалап, семинар жоғары деңгейде өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.