САРЫАҒАШ: №49 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныпта, жеке тұлға қалыптастыруда құнды-лықтарға бағытталған білім мен тәрбие беру» тақырыбында аймақтық іс-тәжірибе алмасу семи-нары өткізілді.

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сыныптар бойынша әдіскер Ғалия Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен №49 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында 27.10.2022 жылы «Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныпта, жеке тұлға қалыптастыруда құндылықтарға бағытталған білім мен тәрбие беру» тақырыбында аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Семинар жоспарға сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бастауыш сынып мұғалімдері, тәжірибелі, білікті ұстаздар ашық сабақтар жүргізді.

Ашық сабақта:

-3-сынып мұғалімі Қалиева Меруерт «8, 9 сандарына көбейту және бөлу кестесі»;

-2-сынып мұғалімі Абдрахманова Күләш «Менің туыстарым»;

-1″ә»-сынып мұғалімі Арапбаева Айнұр «Литр»;

-4″ә»-сынып мұғалімі Сеңгірбаева Эльвира «Уақыт біздің құндылығымыз» тақырыптарында сабақтар өтіп, аудан мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасты.

Сонымен қоса, «Бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында Бекжанов Ерман және Исабаев Нұржан озат тәжірибе мектебі яғни коучинг өткізді. Семинар барысында 4″ә»-сынып оқушыларымен «Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем!» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді.

Тәжірибе алмасу семинарына келген 30- ға жуық мұғалімдер мектеп көрмесін тамашалап керемет әсерге бөленді.

Семинар қорытындысы бойынша мұндай басқосулар ұстаздардың шығармашылықтарын шыңдайтынын және оқушылар жан-жақты заман талабына сай білім алатынын айтқан бөлім әдіскері Ғ.Бұхарбаева семинарды жақсы деңгейде ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымына, ашық сабақ өткен ұстаздарға өзінің шынайы алғысын білдіріп, «Республика күні» ұлттық мерекемен барша ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебізі мен ыстық ықыласын білдіріп, ұстаздарға шығармашылық табыс, еңбектері еленіп, жұмыстарына жеңіс, жеміс тілеп, әрбір оқушының санасына сәуле түсіруден шаршамай, әр баланың білім шамшырақтарын жағуда әрқашанда ізденісте болуларына тілектес бола білді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.