Cарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «USTAZ CUP-I» атты аудандық пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнирдің мақсаты оқушылар арасында пікірсайыс қозғалысын қарқынды дамыту, сөйлеу, ойлау арқылы жастардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдау.
Шара барысында аудандағы аймақтардан іріктелген 14 команда сынға түсті. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар болған, кіл мықтының ішінен кім мықты болып топ ішінен суырылып шыққан командалар жеңімпаз атанды.
«USTAZ CUP-I» пікір-сайыс турнирінің облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларымызға Сарыағаш ауданының мәртебесін көтеріп, жеңімпаз болуларына тілектеспіз!